Әлемнің қай жерлерінде қардың жаууы сиреді?
Әлемнің қай жерлерінде қардың жаууы сиреді?

Ғалымдардың айтуынша, қыс кезіндегі ауа райына қарамастан әлемнің кейбір жерлерінде расымен де қардың жаууы сиреп бара жатыр екен. Қар бұлт тығыз шоғырланғанда және нөл немесе нөлден төмен температурада жауады. Бірақ, жаһандық температураны бақылайтын ұйымдар орташа температураның өскенін айтуда. Мысалы, НАСА-ның мәліметтері бойынша 2017 жылы жаһандық орташа температура 1951-1980 жылдармен салыстырғанда 0,9 градусқа көп болған.

Температураның ұлғаюы қардың жаууына қалай әсер етеді?

Қоршаған ортаны зерттейтін кеңестің баяндамасында бір жылдағы қар жауу көрсеткіші төмендегені айтылған. Мысалы, Мерсисайдта (Ұлыбритания) 1961-1990 жылдары жыл сайын 20-30 күн қар жауған. Ал 1981-2010 жылдары бұл көрсеткіш 10-20 күнді құраған. Сол секілді Ұлыбританияның басқа жерлерінде қар жауу көрсеткіші өзгеріп отырады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттің солтүстік-шығыс аумағында оңтүстік-батыс бөлігіне қарағанда қар көбірек жауады. Дегенмен, Ұлыбританияда қар жауу көрсеткішін алдын ала болжау қиын. Бірақ ғалымдардың зерттеулерінде Ұлыбританиядағы қар жауу көрсеткішінің азаюы жалғаса беретіні болжанып отыр.

Әлемнің басқа жерлерінде қар сирейді ме?

Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобының баяндамасына сенсек, экватордан солтүстікке 55 градустан жоғары орналасқан жерлерде қысқа қар жауу көрсеткішінің өзгерісі өте аз. Тіпті, кейбір жерлерде температураның төмен болуынан қар көлемі артқан. Мысалы, Солтүстік Америкада қар көлемі артқан. Бірақ, Батыс Ресей, Оңтүстік Канада мен Англияда қар жауу көрсеткіші сиреген.

 

 baq.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 ай бұрын 760
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167