Екінші әйел алғым келеді...
Екінші әйел алғым келеді...

Ассаламағалейкум, құрметті бауырлар! Қазіргі кезде өзекті болып тұрған екінші әйел мәселесі жайында сауалым бар еді сіздерге. Мен өзім үйленгенмін. Екінші әйел алуға ниеттеніп жүр едім. Бірақ, әйелім қарсы болуда. Мен оған айттым түсіндіріп: «Қазіргі кезде тұрмыс құрмаған небір жақсы қыздар бар. Енді олар да кінәлі емес қой бұл жағдайға. Олар да ана атанғысы келеді, отбасы құрғысы келеді. Соларға неге жаның ашымайды. Ол да сен сияқты адам ғой. Солардың орнына өзіңді қойып көрші. Статистика бойынша еркектердің саны әйелдерден әлдеқайда аз екен. Сондықтан да әркім шамасы келсе екі  әйел алуы керек қазір» деп қоям. Сонда әйелім: «Иә мұныңмен келісемін. Бірақ, ақылым осыны мақұлдап тұрса да, нәпсі мен сезімім көнгісі келмейді. Мен бұны көтере алмаймын» - деп тулап, қарсы болды. Не дерімді білмей дал боламын. Осыған сіздер бір ой қосыңыздаршы, бауырлар! Бірінші әйелімнің көңіліне қарамай екінші әйел алуым дұрыс па?

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 жыл бұрын 2973
39 пікір
  • Ой, олардың көңіліне қарай берсең ештеңе өнбейді. Уақыт өте келе оларда үйреніп басылады ғой.
    Еркектің шешімімен әйел адам келісе білуі керек.
    2 жыл бұрын
  • Әйеліңіздің көңіліне қарамай екінші әйел алдыңыз делік. Бірақ анасын жылатып өзгені құшқан әкені көрген баланың көңілі қайда қалады?
    2 жыл бұрын
  • Мен де өз ойымды қоса кетейін, таразының басын тең ұстау адам баласына қиын, тіпті ұстай алмауы да мүмкін, бірақ ұстауға тырысу керек.
    Өзіңіз білесіз құқық өзіңізде. Не нәрсе болса да Алланың разылығы үшін болса сауап болмақ, нәпсінің жетегінде кетпесеңіз болғаны. Бірақ періште емес, пенде болған, пендешілік орын алып қояды, пендешілік болған жерде міндетті түрде ұрыс-керіс, соған сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, үш жақ бірдей Алланың разылығына ұмтылатын болса, неге алмасқа. Сонда да, тағы біраз ойлану қажет.
    2 жыл бұрын
  • Qazaq
    Бірінші әйелініздің келісіміз қалай мұндай сұрақты әрі қарай талқылап отырсыз? Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде бірінші әйеліңіз көмбесе онда алмаңыз деп айтқан жоқ па?!
    2 жыл бұрын
    • Қай хадисінде айтылған екен?
      2 жыл бұрын
      • Qazaq
        Қайрат аға,ассалау мағаллейкум! Нақты қай хадис екенін айта алмаймын өкінішке орай. Бірақ оқығаным есімде. Әлде мен қателесем бе?
        2 жыл бұрын
        • Негізінен ондай хадис болмаса да, Қайрат аға, мұндай сұрақты көтеру дұрыс емес деп ойлаймын. Қалай ол сонда, бірінші әйелін жылатып қойып екіншісін ала ма? Мұндай істен хайыры болмайды.
          2 жыл бұрын
        • Бірінші әйелдің келісімі маңызды емес
          2 жыл бұрын
  • Кешіріңіз сұрағым ауыр болса неге екінші әйел алғыныз келеді? Қыздардын қамын ойлағандықтан ба? Әйелініз келісімін бермесе ол туралы ойлаудын қажеті жоқ болар.
    2 жыл бұрын
  • Өзім байқаймын әлеуметтік желілерде қыздар отырады күйеуге шығу арманы екенін әйтеуір бір айтпай қалмайды. Сөйтсем олар енді бірінші болу емес, екінші, үшінші, төртінші болып тиюге қарсы емес көрінеді.
    2 жыл бұрын
  • Екінші әйел алғым келеді деп әйеліңе "төбесінен су құйғандай" айтпай үлкен дайындықпен келген дұрыс. Әйеліңмен осы уақытқа дейін қандай қарым-қатынаста болдың? Екінші әйел алудың алғашқы баспалдағын осыдан баста.
    Көңілінен шығып, көйлегін көк, қарнын тоқ, балаларың саналы, есті етіп тәрбиелесең, онда күндердің бір күнінде екінші әйел алуды дана әйелің өзі-ақ айтады. Ал, егер осы кезге дейін араларыңда болмашы нәрсеге көңілжарасымдарың болмайтын жағдайға жиі ұшырап жүрсе , онда не ажырасып тынасың ек"инициативаң" үшін екінші әйел туралы ойыңды тоқтатасың. "Еркекпін" деп кеуде ұрсаң, онда көкмылжыңның өзі болғаның.
    Сенің қызың, қарындасың біреуге екінші әйел болғанын қалайсың ба? Не себепті? Не үшін? деген сауалдарға нақты жауап іздей бастайсың.
    Бойдақ қыздардың бақытты болуға құқы бар десек, онда бірінші әйеліңнің бақытынан аластауына қандай құқы бар? Бұл жерде материалдық жағдай әжептеуір рөл атқарағанымен, екінші әйел алуды ересек балдарыңмен де ақылдасып шешкен абзал.
    Екінші әйел алдың делік. Бірақ ол бірінші әйелдің елгезегінен өткені абзал (әйелің дана болса). Өйткені бірінші әйел сені өзіңнен артық біледі. Ал, егер әйелің дана бола алмаса , онда данасыз бірінші әйелге екінші данасыз әйел қосқаның болады. "Даудың басы Дайрабайдың сиыры" емес, қос данасыздың ортасында болады, содан соң жүргенің "сүмеңдеп"
    2 жыл бұрын
    • Qazaq
      Мен айтқым келген ойды күшті қылып жеткізгеніңіз үшін үлкен рахмет!
      2 жыл бұрын
  • Istihara namazyn okyp Allahtan men ushin bul is kayirly ma dep surap korseniz!
    2 жыл бұрын
  • Мынау Ляззат есімді қолданушының пікірі (бір қателіктерге байланысты өшіріп алып едік): Негізі біздің Ханафи мазхабында екінші әйелдікке біріншісінің рұқсаты керек емес дейді, алайда бұл бәрінен жасырынып, бұғынып үйленіп ал деген сөз емес. Неке сөзі жариялау мағынасында келгеніндей, некені ашық түрде, ата - ананың келісімімен, бір шәугім шай беріп, жұртты жинап қиған дұрыс. Бірақ егер әйеліңіз дайын болмаса, әлде дұрыс түсіне алмаса, онда күте тұрғаныңыз абзал, болмаса дұрыстап түсіндіру керек. Бірақ қазіргі кезімізде сол бір әйелді бағып, одан тұған бала - шағаны асырап, Ислам нәрімен сусындатып өсірудің өзі жеткілікті әрі өте үлкен сауапты амал болады деп санаймын. Алладан хайырлысын сұраңыз, бәрін білуші Аллаһ.
    2 жыл бұрын
  • Айтқандарыңыз дұрыс-ау. Бірақ мен екіншісін алу туралы әрине ескертем әйеліме, ата-анама, туған-туысыма. Бірақ әйелім шашын жұлып, өзін төбелеп маған қарсы болуға құқығы жоқ. Бірақ менімен келіспейтінін айтса айтсын, әрине оған да оңай емес. Бірнеше күн немесе ай сөйлемей қояр. Бірақ кейін түсінеді деп ойлаймын. Одан да @Abdikadyr аға айтқандай күйеуінің жайын бірінші әйелі білетіні рас. Одан да сол жайында екінші әйелге ақылшы болуға құқығы бар.
    2 жыл бұрын
  • Бұл жерде "Аш бала тоқ баламен ойнамайды" деген мақал еске түседі. Себебі, күйеуге шыққан әйел отырып қалған қыздың қадірін қайдан білсін. Өзіңнің қызыңды, қарындасыңды біреуге екінші әйел болып тиюіне қалай қарайсың? дейміз. Ал, егер де өзіңнің қызың отырып қалса, онда "отырып қалған, кәрі қызы бар" дегеннен гөрі екінші әйел болып тұрмысқа шықты деген атақ әлдеқайда жақсы емес па? Бұл біздің қоғамда әлі толық сіңе қоймаған мәселе болғандықтан естігеннен үрке қараймыз. Негізінде көп дерттің алдын алатын керек нәрсе бұл екі әйел алу деген. Алла Тағаламыз сондықтан да көп әйел алуға рұқсат берген. Әрине, оның белгілі шарттары бар екенін ескеру керек.
    2 жыл бұрын
  • Міне, қолдайтындар да бар екен ғой. Рақмет барлығыңызға! Негізі бұл мәселеге қоғамды осылай үйретуіміз керек. Екінші әйел деген бірінші әйелден кейін алғандықтан реттік санын ғана білдіреді, оның дәрежесін емес. Яғни, күйеуі оларды бөліп жармай бірдей, әділетті қарайды деген сөз.
    2 жыл бұрын
  • Ерсін Әміренің "бірнеше әйел алу мәселесі" тақырыбындағы уағызын тыңдасаңыз толық айтып кетеді
    2 жыл бұрын
  • Алыңыз, алмаңыз деп жөн сілтегім келмейді. Өзіңіздің жеке басыңыздың мәселесі ғой қанша дегенмен. Бірақ, Алла разылығы үшін аламын деген ниетте болсаңыз жесір, мүгедек, мүмкіндігі шектеулі әйелдерден аласыз деген сенімдемін...
    2 жыл бұрын
  • Алыңыз, алмаңыз деп жөн сілтегім келмейді. Өзіңіздің жеке басыңыздың мәселесі ғой қанша дегенмен. Бірақ Алла разылығы үшін аламын деген ниетте болсаңыз жесір, мүгедек, мүмкіндігі шектеулі әйелдерден аласыз деген сенімдемін...
    2 жыл бұрын
  • Ассалаумағалейкум!
    Әркімнің ниеті тек қана Аллаға мәлім ғой. Дегенмен, сіз де ниетіңізді бір саралап көргеніңіз өзіңіздің өміріңіз бен ақыретіңіз үшін дұрыс болары сөзсіз. Тек қана Алла разылығы үшін жасалған және ақылдасып шешілген іс берекелі болмақ. Ер адам Алланың алдында некелесіп алған жарының барлық нәрсесі үшін жауапты болады. Сондықтан әйелінің қас-қабағына қарау да керек-ақ. Ертеңгі күні сұралатыны мәлім. Екі әйел алған адам тепе-теңдікті әрқашан сақай білуі керек болады. Ал бұл толықтай тек қана Пайғамбарымыздың қолынан келген нәрсе. Осыған байланысты бір оқиға бар еді. Бұрынғы кезде бір екі әйел алған және екеуіне барлық жағдайда тең қарай білген адам өтеді. Бір күні екі әйелі бірден көз жұмады. Енді екеуінің жаназасын шығарып жерлеу керек болады. Сонда екі жаназаны үйдің есігінен қалай шығару мәселесі туады. Қайсысын бірінші шығарады? Екеуін де бірдей шығара алу үшін екінші есік салады үйге. Осылайша, бірінші әйелін бұрынғы есіктен, екінші әйелін жаңа есіктен шығарады. Сонда ойына Алладан бір ескерту келеді: Сен екінші әйеліңді жаңа есіктен шығарып бәрібір тепе-теңдікті бұздың, делінеді.
    Және тағы бір мәселе екінші әйелдікке алу арқылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздарды арманына жеткізу деген. Әр адамның ойы-арманы Аллаға мәлім. Және Алла әрбір адам үшін оған жақсы болатынын дайындап қойғаны күмәнсіз. Сондықтан әр адам көмекті себептерден іздемей, немесе өзін мәселенің шешімі санамай, тек қана Аллаға тәуекел етуі тиіс!
    Және қазіргі уақыттағы статистикаға қарайтын болсақ, ер адамдардың саны қыз балалардың санынан алып бара жатқан аздығы жоқ. Жүз адамға 6-7 адам ғана шығады. Олардың да жағдайын Алладан артық ойластырып қойған ешкім жоқ!
    Алла баршамызға тауфиқ, терең иман, тақуалық және тәуекел нәсіп етсін!
    2 жыл бұрын
  • Шынар ханым, айтайын дегенім пайғамбарлар ғана екінші әйел алу керек немесе пенделер алмау керек ешқайда айтылмаған. Бұл өмір сынақ, бір-бірімізге сынақ үшін келгенбіз. Бәрібір біз әйелдер тең ұста деп айқайлап, өкіргенмен олар ешқашан тең ұстамайды. Себебі пенде. Бәрібір пендеміз. Олар деп айтып жатқан отырып қалған қыздарды Алла жағдайын ойластырды деп айтқаныңыз мүмкін осы жағдай шығар. Олар да бала суюге, жар құшуға құқылы.
    Бірінші әйелін тастап, балаларын тірі жетім еткенше, екінші әйел де шешім болмақ.
    Айта кетейін отырып қалған қыз емеспін.
    2 жыл бұрын
  • Екінші әйел алып, біріншісін де тастамаса онда нағыз ер-азамат болар еді. Нәпсінің жетегінде кетіп барлығын бахытсыз еткеннен гөрі, барлық мәселені осылай шешу дұрыс емес па?
    2 жыл бұрын
  • Екінші әйел туралы біздің отбасында да әңгіме болады. Жолдасым: "Менің жүрегім екеу емес. Ахиретте жарты денеммен тірілгім келмейді. Екінші әйелге жұмсаған ақшамды балаларыма білім алуға жұмсайын" дейді. Сол сөзі мені қатты қуантып тастайды. Аллаға шүкір!
    2 жыл бұрын
    • Ол дұрыс пікір емес.Ерсін Әміренің "бірнеше әйел алу мәселесі" тақырыбындағы уағызын тыңдасаңыз толық айтып кетеді
      2 жыл бұрын
  • Қарап отырсам, екінші әйел алу мәселесін жақтайтын ер азаматтарымыз екен. "Бірақ" деген нәрсе болуы заңдылық та бұл жерде. Әйел де - адам баласы. Әйел - сіздің аяулы анаңыз, ерке қарындасыңыз, қорғансыз қызыңыз. Осы тұста "жар" ұғыма аталғандардың ішіне кіретіндігін ұмытпағанымыз ләзім. Мен екінші әйел алуға қарсы емеспін. Бірақ өз басым бірнеше жыл бір шаңырақ астында тұрған жүрегінің жартысын бақытсыз етіп, маған бақыт сыйламақ болған еркек кіндіктіге тұрмысқа шыққым келмес еді. Қасыңыздағы жарыңыз сізді жұмыстан қашан келеді деп елеңдеп күтетін, асты-үстіңе түсіп анаңнан бір кем емес етіп қамқорлық танытатын, балалрыңызды бағатын, қажеттіліктеріңізді өтейтін, өзінің амандығынан бұрын сіздің саушылығыңызды тілейтін адам емес пе еді? Олай болса сізге ,әуелі, өзге әйелдің бақыты өз әйеліңіздің бақытынан жоғары ма? Әйелдің қоғамда берілген баға ол әйелдің бағасы емес, алдымен қоғамның бағасы. Сол іспетті әйеліңізге беріп отырған сіздің бағалауыңыздың басында өзіңіздің бағаңыз тұрғанын ұмытпасаңыз екен. Айтып отырған ойыңыздан оң жақта отырған қыздарға қамқорлық емес, өз әйеліңізге деген сыйластықтың жоқтығын байқадым. Артық айтсам, кешірым етіңіз!
    Сонымен қатар сіз қарсы болған әйеліңіздің сезіміне қарамай әйел алсаңыз да, ендігі әйелдеріңіз дос бола ма, қас бола ма? Қарсылық, протест бар жерде жаулық, күндестік болады. Олай болса ол әйелдерден туған бала қайда барады? Бір атадан туған балалар жауықса, шаңырағыңыздан береке кетті деген сол болады.
    2 жыл бұрын
    • Мейрамгүл ханым, Алла разы болсын! Менің де пікірім осы еді. Жазылмай қалған ойымды тамаша жеткізіпсіз!
      Шынымен де бір әйелдін бақытсыздығына құрылған отбасынан бақыт табамын деген бос әуре екенін түсінсе екен. Алланың заңдылығы, әділдігі бар!
      2 жыл бұрын
      • Және солайша басқа бір әйелді бақытты қылу мәселесі де екіталай болмақ!
        2 жыл бұрын
  • Қарап отырсам, екінші әйел алу мәселесін жақтайтын көбіне ер азаматтарымыз екен. "Бірақ" деген нәрсе болуы заңдылық та бұл жерде. Әйел де - адам баласы. Әйел - сіздің аяулы анаңыз, ерке қарындасыңыз, қорғансыз қызыңыз. Осы тұста "жар" ұғыма аталғандардың ішіне кіретіндігін ұмытпағанымыз ләзім. Мен екінші әйел алуға қарсы емеспін. Бірақ өз басым бірнеше жыл бір шаңырақ астында тұрған жүрегінің жартысын бақытсыз етіп, маған бақыт сыйламақ болған еркек кіндіктіге тұрмысқа шыққым келмес еді. Қасыңыздағы жарыңыз сізді жұмыстан қашан келеді деп елеңдеп күтетін, асты-үстіңе түсіп анаңнан бір кем емес етіп қамқорлық танытатын, балаларыңызды бағатын, қажеттіліктеріңізді өтейтін, өзінің амандығынан бұрын сіздің саушылығыңызды тілейтін адам емес пе еді? Олай болса сізге ,әуелі, өзге әйелдің бақыты өз әйеліңіздің бақытынан жоғары ма? Әйелге қоғамда берілген баға ол әйелдің бағасы емес, алдымен қоғамның бағасы. Сол іспетті әйеліңізге беріп отырған сіздің бағалауыңыздың басында өзіңіздің бағаңыз тұрғанын ұмытпасаңыз екен. Айтып отырған ойыңыздан оң жақта отырған қыздарға қамқорлық емес, өз әйеліңізге деген сыйластықтың жоқтығын байқадым. Артық айтсам, кешірым етіңіз!
    Сонымен қатар сіз қарсы болған әйеліңіздің сезіміне қарамай әйел алсаңыз да, ендігі әйелдеріңіз дос бола ма, қас бола ма? Қарсылық, протест бар жерде жаулық, күндестік болады. Олай болса ол әйелдерден туған бала қайда барады? Бір атадан туған балалар жауықса, шаңырағыңыздан береке кетті деген сол болады.
    2 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум.
    Айтайын дегенім, бахыт дейсіздер, бахытты әр адам әр түрлі түсінеді. Біреуге бүгін қарны тоқ болғаны бахыт болса, біреулер бүгін қымбат дүние алмағанына өзін бахытсыз сезініп отырады. Демек бахыт дегеніміз бахытты қалай түсінуімізде.
    Ал күйеуі бар әйелдердің барлығы бахытты немесе күйеуі жоқ әйелдердің барлығы бахытсыз десеңіздер қатты қателесесіздер. Әрі беріден соң, нағыз бахыт Алланы тану деп түсінемін. Аллаға сенген адам міндетті түрде бахытты боларына сенеді, ерте ма, кеш па.
    Ер адам бұзылмасын, ер адам бұзылса, нәпсісіне бой алдырса, онда оны әйелі де, балалары да, туған-туысы да тоқтатпайды. Қаракөздің қамы деп, нәпсілеріңізді тойдырып жүрмеңіздер.
    Алла отбасыларыңызға береке, бірлік берсін.


    2 жыл бұрын
    • Әл-Фараби бақыт деген ұғымды "әр нәрсенің өз болмысына сай болуы", - деп түсіндіреді екен. Адамзаттың әуелгі болмысы құл болғандықтан да оған ең үлкен бақыт Аллаға жақын болу. Алайда әйелдің әйел, еркектің еркек болмысына сай болуы да - бақыт емей немене? Жынысын өзгерткен есерлер де бар емес пе ортамызда? Ер адамға ненің бақыт екенін осы жазбадан кейін сәл түсінбей жүрмін. Бірақ, әйел үшін бақыт деген күйеуінің разылығын алған салиқалы жар, өнегелі ана болу деп білемін. Әйел баласындағы құндылық та, бақыт та осы аталғандар. Сіздердің жағдайларыңызды жасаймыз, әр айтқан сөздеріңізден шықпаймыз, көңілдеріңізге қарап екінші әйел алуға да рұқсат береміз. Сіздер ризасыздар. Бірақ бір сәт жаныңыздағы жарыңыздың жүрек түкпіріне назар салып көрдіңіздер ме? Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) әйелдеріңмен жақсы қарым қатынаста болу керектігін өсиет еткен. Сіздер қандай жарсыздар? Жалпы ер адам үшін құндылық не?
      2 жыл бұрын
  • Менің осы жолда жүрген құрбым мен проблемамды айтып барғанда, "Жаным-ау, мен бұл өмірдің бес күн жалған, алдамшы дүние екенін баяғыда түсінгем, дегенмен ендігі бар арманым бала-шағамды иманды етіп тәрбиелеу" - деген болатын. Осы сөздері маған демеу болды. Демек осы өміріміздегі нәпсімізді тыңдай бермей, ақыретімізді де ойлайық.
    Ал ер адам үшін құндылық не?- деген сұрақ мені де қызықтырады.
    2 жыл бұрын
    • Әрине, пікіріңіз орынды. Әркім өз басына тигенде түсінеді дегенге тіреледі ғой. Дегенмен, бар сөз еркекті жанай өтіп қайта айналып келіп бәрі-бір әйелге тиеді. Ақыр соңында нәпсіні тыю мәселесі де әйелге қатысты болып отырған сияқты... Бірақ, ер адам нәпсісін тыя алмайды ма?
      Тағы да айтамын, шын Алла разылығын қалап екінші, үшінші, төртінші әйел алмаққа бекінген екен, онда әйелімен кеңесе отырып, әйелінен ажар-көркі басым емес, жасы әйелінен егде, мүгедек немесе жесір қалып, бірнеше баласын асырай алмай отырған әйелдерді алсын. Шын жаны ашыса осы аталғандарды алмайды ма? Бірақ мәселе ер адамдардың тоқалдыққа қандай әйелдерді алып жатқандығында ғой. Осыдан кейін нәпсінің жетегінде жүрген қайсысы екендігін айтыңызшы!
      2 жыл бұрын
  • Мен айтайын. Ер адам үшін құндылық ойымша, бірнеше әйелді қамқорлығына алып, соларды бақытты қылу ))) Әрине нәсіп болғанын аламыз ғой. Мүмкін бір әйелмен де өтерміз өмірден. Бірақ қазір күн өткен сайын өмірлік серігін күтіп келе жатқан арлы, ұятты қыздарды аяймын. Менің айтпағым қазіргі бұл проблеманың алдын алудың бірден бір жолы екі әйел алу. Одан кейін уақыт өте үшіншісін. Бірақ бұл мәселені нәпсіге тіреп қоймаңыздар.
    2 жыл бұрын
    • Әркімнің өз шындығы бар. Кімдікі ақиқатқа жақын болса, сол бақытты. Құр айтыстан шаршап қалдым... Менің негізгі айтпағым, екінші әйел емес, бүгінгі күнгі әйел бағасы еді. Қоғамдағы әйел мәселесі таусылған ба? Бір жақсы зерттеуді қажет ететін тақырып қой...
      2 жыл бұрын
  • Алла Тағала ер мен әйелді бір-біріне серік етіп жаратты. Жар деген ол діннің жартысы дейді. Кім отау құрса оның діні бүтінделді дейді. Сондықтан әлгінде өздеріңіз айтқан Қияметке бүтін дінмен амал жасауға кім талпынбасын. Егер біз осы мәселені кереғар пікірлермен қайтара беретін болсақ, онда бұл екі әйел алу тез дами алмайды. Ал егер бұл мәселе жолға қойылса онда қыздар ойланбай екінші әйел болуға келісер еді. Ал қазір екінші болып тию намыс, ұят секілді көрініп тартынып, қашып жатады. Бұл қалыпты жағдайға айналуы тиіс деп есептеймін.
    2 жыл бұрын
  • Қоғамды қойшы, жалпы әр отбасындағы жардың, ананың бағасы қандай өзі?
    2 жыл бұрын
    • Cіздерге алғысым шексіз. Бір адамдай ойларыңыз бен ақылдарыңызды айтып жатырсыздар. Бірақ, менімен әлі келіспей тұрсыздар.
      2 жыл бұрын