Ғалымдар жадымыздан жағымсыз естеліктерді өшірудің тәсілін ойлап тапты
Ғалымдар жадымыздан жағымсыз естеліктерді өшірудің тәсілін ойлап тапты

Нейрализатор ұстаған кинодағы “қара киімді адамдардың” енді қажеті жоқ. Олардың барлық жұмысын аминмай қышқылы атқара алады.

Бұл туралы stan.kz порталы Nature Communications басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Юта штатында орналасқан Кембридж университетінің нейробиолог ғалымдары мидың қажетсіз ақпаратты сүзгіден өткізіп, артынша жойып жібере алатын қабілеті бар екенін дәлелдеді. Зерттеу барысында аталған механизмнің қалай жұмыс істейтінін белгілі болды. Кей естеліктердің жадымызда болып-болмауы тікелей гиппокамп белсенділігі мен оған келіп түсетін нейромедиаторлардың мөлшерімен байланысты екен.

Гиппокамптағы нейромедиатордың деңгейі адамдардың есте сақтау қабілетіне тікелей әсер еткен. Тәжірибе барысында бір топ адамға түрлі сөздер ұсынылып, олардың біразын жаттап, кейбіреуіне мән бермеу тапсырылған. Артынша аппараттың көмегімен естеліктерді жадымыздан жойып жіберуге тікелей гиппокамп жауап беретіні анықталған. Осыған орай, алдағы уақытта белгілі бір оқиғаларды ұмыту үшін жасуша белсенділігін төмендететін седатикам сынды дәрілер ойлап табылуы мүмкін.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 күн бұрын 436
0 пікір
Блог туралы
0
360264 248 433 2321 164