Креативті болудың төрт құпиясы
Креативті болудың төрт құпиясы

CEO ұйымдар жаңа қызметкерлерінің ең алдымен қандай қасиетін бағалайды? 60 шақты мемлекеттегі 33 саланың 1500-ден астам жетекшісі арасында өткізілген IBMзерттеуінің қорытындысы бойынша алдымен бағаланатыны тәртіп те емес, адалдық та емес, ақыл я эмоционалды интеллект те емес. Креативтілік болып шықты.

Сайып келгенде, кез келген компания өз саласында және инновациялық дамудың алдыңғы қатарында үздік болуды қалайды және осы орайда қызметкерлерінің креативті болғанын қалайды.

«Шығармашылықты қалай арттыруға болады» сынды кеңестердің кемшілігі жоқ, дегенмен, үнемі жұмысбасты басшылардың оларды іс жүзінде қолдануы үшін уақыт табуы керек екені түсінікті. Мен бұл мәселені шешуші салалардың (технологиялық саладан бастап кеңес беруші және өндірістік салаға дейін) ең инновациялық ойлы жетекшілермен талқыладым. Міне, олардың айтқандары.

Ерекше нәрсені іздеңіз. Зерттеулер – бейтаныс ортада креативтік айқын көрінетінін көрсетті. Жұмыстардың бірі табиғатта гаджетсіз өткізілген бірнеше күннің (көптеген адамдар үшін ерекше және үйреншікті емес оқиға) шығармашылық қабілеттің 50 пайызға ұлғаюы мүмкін екенін айтады.

Бірақ, табиғатқа бірнеше күнге кете алмасаңыз не істеуге болады? Жаңа әсер мен сезімге қалай уақыт табуға болады? Тертссон Фернандо – Hubble компаниясының (10 миллион долларға Airpush компаниясына сатылған) бұрынғы креатив-директоры, қазіргі уақытта Sattva компаниясында шығармашылық директор болып жұмыс істейді, мониторинг (бақылау) функциясын күнделікті жұмыс кестесіне қосуды көздейді. «Біздің ғаламымыз идеяларға толы және біз ойлап табуға тырысатын нәрсе онсыз да ол жерде, сондықтан мен шығармашылығыма өмірде түрткі болатын, ой салатын дүниелер іздеймін, әр нәрсені бақылап отырамын және қалай, неге және мені не қоршап тұрғанын қазбалап сұраймын», – деп түсіндіреді ол.

Егер бұл стимул жеткіліксіз болса, Ларс БастхольмGoogle-дің креативті директоры кеңес береді: «Мен тапсырма орындау кезінде тығырыққа тірелген өз қызметкерлеріме жиі дүңгіршікке барып, ешқашан сатып алмайтын үш журнал, мысалы, «Ортодонт», «Үлкен жүк машиналар әлемі» немесе сол сияқты журнал сатып алуды тапсырамын. Сосын журналдарды бастан-аяқ оқып шығуын және тапсырманы осы журналдардың оқырмандарының мақсаттық аудиториясын жаулап алатындай өзгертуге, құбылтуға тырысуын ұсынамын. Әдетте бұл қызық және көңілді ғана емес, әрі бастапқы тапсырма үшін пайдалануға болатын тың ой тудырып, кеңістік ашады».

Salesforce компаниясының маркетинг бойынша директорының міндетін атқарушы Саймон Малкани өзі «төңкерілген дүрбі» деп атайтын жаттығу ұсынады. Мәселен, сіздің банк филиалыңызға клиенттердің жағымды көзқарасын жаулап алу керек болса, мүлдем басқа сала компаниясының, мысалы, Starbucksтың тәжірибесіне жүгініңіз, және олардың өз клиенттерін қалай ұстап тұратыны жөнінде сұрақ қойыңыз.

Әр түрлі қайнаркөздерден пікір алыңыз. Мұнымен барлық зерттеушілер келіспейді, дегенмен құрамы әлеуметтік мәдени тұрғыда алуан түрлі топтар әлдеқайда креативті екенін дәлелдейтін жұмыстар аз емес. Мен пікірлескен басшылар білімі, әлеуметтік тегі мен қызығушылықтары әр түрлі адамдарды бірге жинауға тырысып қана қойған жоқ, сондай-ақ басқа бизнестің өкілдерімен өз жоспарлары жайлы сөйлесуге уақыт тапқан. Руфус Гриском, сериялық кәсіпкер, Heleo компаниясының бас директоры және негізін қалаушы, бұл жайлы былай дейді: «Идеялар да адам сияқты, олар оқшауланып қалып қойғанды жақсы көрмейді, және қызғанған қатынасты да жақтырмайды. Оларға өзге идеялармен өзара әрекеттескен ұнайды».

«Көптеген жас кәсіпкерлер секілді, мен бұрын жаңа бизнес-идея туралы айтуға қауіптенетін едім, өйткені оны біреу іліп әкетуі мүмкін ғой, ал мен мүмкіндігімнен айрылам, — дейді ол. — Енді басыма қызық ой келе қалса, мен оны кездескен әрі қызық деп тапқан әрбір ақылды адаммен бөлісемін. Осылайша мен жаңа таныстық пен ақпарат алам, ал идеяның бір күні нақты іске асатынын ықтималдығы ұлғаяды».

Riverbed компаниясының бірінші вице-президенті және стратегиялық мәселелер бойынша директоры Фил Харрис ұйым ішінде кері байланысты талап еткен секілді оған құлақ түру де маңызды екенін еске салады: «Біз бөлмеде отырғанда, атақ та, шен де, үлкендік құқығы да жоқ. Бәрінің пікірі бірдей салмақта, және әркімнің оны білдіруге уақыты бар. Әркім өзін жұрттың тыңдайтынын біледі және оның сөйлеген сөзін талқылауға әрқашан уақыт табылады. Бәрінің қарым-қатынасы сенім мен адалдыққа негізделген, әрі мұндай адалдыққа жету әркез оңай бола бермейді».

Кеңістік еркіндігін қамтамасыз етіңіз. Креативтікке кеңістік керек. Мұнымен креативтікті жоғарылату үшін медитация жасаудың дәлелденген пайдасын түсіндіруге болады. «Мен басымдағы ойлар мен стереотиптерді шығарып жіберіп, жаңа ойларға орын босату үшін медитация жасаймын, — деп баяндап берді маған Териксон Фернандо. — Мен үшін креативтік — ішімде барды шығарып алу».

Көптеген басшылар шынымен медитация жасағанымен, іскер адамдардың көбі бұған уақыт жоғалта алмаймын деп санайтынын түсінемін. Егер бұл сізге де тән болса, армандаған толғаныстардан пайда алудың басқа да әдістері бар.

Тәжірибе көрсеткендей серуендеу де шығармашылықты арттырады. Серуен кезінде миымыз армандауға бейім келеді, бұл мәселені шешудің белсенді режимінде жұмыс істеуге кедергі болмайды. Parliament компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Питер Симс былай тұжырымдайды: «Егер сіз, адамдардың тапқырлық танытқанын қаласаңыз, оларға бос кеңістік беріңіз. Стив Джобс көп қыдыратын. Мен Марк Цукербергтің Facebook-тің штаб-пәтерінің шатырында қалай қыдырып жүргенін көрдім».

«Google-дегі Бастхольм кез келген физикалық белсенділікті ұсынады, тіпті күнделікті жұмыс та жарайды: «Сіз тазалық жүргізе аласыз, спортзалда спортпен айналыса аласыз, дуалды бояуыңызға да болады. Кез келген жағдай сіздің миыңызды әдеттен тыс жұмыс істеуге мүмкіндік береді». Гриском мұнымен келіседі: “Мен бір істі қолға алғанда, мұнымен қатар адамды жалықтырмайтын істермен де айналысу ұнайды, мысалы, серуендеймін, велосипед тебемін, машина жүргіземін, ыдыс жуамын. Меніңше, күнделікті қандай да бір істі орындай отырып (тәрелке тап-таза болады! Бірнеше кварталды жүріп өттім!) ойдағы ауырлықтан арыласың және менде еркін ассоциация пайда болады».

Шектеулерді есепке алыңыз. Бәлкім, бос кеңістік пен шектеулердің қажеттігі бір-бірімен байланысты екеніне таң қаласың. Бір қарағанда, бұл әр түрлі нәрселер, дегенмен, мидың армандауға жауап беретін бөлігі  және «әкімшілік бақылауға» жауап беретін бөлігі де креативтікпен белсенді бола түсетінін зерттеулер көрсетіп берді. Түптің түбінде, табыс – бұл мәселені еркін түрде түйсіну қабілетінің оны түсіну арқылы мазмұнды өнімге айналдыру қабілетімен үйлесімі.

Шектеулер жұмыстың шартты функциясы емес, сол жұмыстың бір бөлігі болуы тиіс. «Бұл биікті бағындыру» демеңіз,  «Бұл биікті бағындыру – тағы бірдеңе жасау» деп түсініңіз, ситуация өзгерген кезде, сіздің әскерлеріңіз биікті бағындырудың ендігі қажеті жоқ екенін түсінетін болады», – деп Малкани кеңес береді.

Мысалы, Nike Flynnit кроссовкаларының дизайны беріктік пен жұмыс сипаттамаларын біріктіреді. Тұрақты даму жөніндегі директор және инновациялар жөніндегі вице-президент Ханна Джонс жобалық шектеулерді қалай белгілегенін айтады: «Біз негізгі принципті анықтап, оны «нөлдік ымыра» деп атадық. Біздің міндетіміз әдемі және сапалы, берік өнімді жасау болып табылады. Командаға көңіл қуантпайтын шектеулер қойылды: теріс нәтижелерді жартысына дейін төмендетіп, бизнестің көлемін екі есеге ұлғайту қажет болды. Комбинация ерекше көрінеді, бірақ бұл шектеулерді бір-бірімен біріктіру қажет. Сонымен бірге олар шығармашылық өрлеуге өз үлестерін қосады және бұл бәрін өзгертеді». Компания бұл жобаны табысты деп санайды: Джонстың айтуынша, Nike Flynnit кроссовкаларының мінсіз сипаттамалары бар және олардың өндірісіндегі қалдықтар дәстүрлі әдістермен салыстырғанда 60 пайызға аз.

Жоғарыда келтірілген деректер мен кеңестер түсінікті және оларды іс жүзіне асыруға көп уақыт қажет етпейтін сияқты боп көрінеді. Өзіңіздің жайлы аймағыңыздан шығыңыз, ой-пікіріңізді кеңейтіңіз, өз аймағыңыздан тыс не болып жатқанын анықтаңыз және қажетті шектеулеріңізді орнатыңыз. Мұның барлығы қалыпты жұмыс күні үшін жеткілікті.

Дереккөз: Hipo.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 ай бұрын 1024
0 пікір
Блог туралы
0
581545 248 437 2366 167