"Қаңғыбастар" әр елде қалай өмір сүреді?
"Қаңғыбастар" әр елде қалай өмір сүреді?

Құлаққа ерсі естілгенімен, үйсіз-күйсіз "кезбе адамдар" барлық елде бар. Әр жердің мәдениетіне, халқының өмір сүру дәрежесіне қарай қоғамның мұндай өкілдері де өздігінше тіршілік етуді үйренген деп жазады AdMe.ru сайты

1. Жапония. Бұл елде үйсіз-күйсіз адамдар халықтың ақшасын ұрлап, тәртіп сақшыларымен ерегіспейді. Айналасындағыларды өте қатты сыйлайды екен. Тіпті жерге жатып қайыр тілеу де оларға тән емес. "Жанпондық кезбелер" ел қатарлы жұмыс істеп, түнде картон қорапшалардың ішінде ұйықтайды.

2. Германия. Неміс кезбелерінің әрқайсысында оның үйсіз, жұмыссыз екенін көрсететін куәліктері болады. Сол арқылы олар қоғамдық көлікте тегін жүріп, асханаларда ақысыз тамақтанады. Ал түнейтін жері метро немесе саябақтар. Тіпті кезбенің куәлігін алмаған адамдар үшін өте арзан тұратын кафелер мен түнейтін бөлмелер бар.

Германияда қаңғыбастар қайыр тілейді, бірақ адамның артынан қалмай жалынып жүру жоқ мұнда. Неміс халқы әдетте оларға ақшаның орнына қалған тамақтары мен киім-кешектерін беріп жатады.

3. Израильде үйсіз-күйсіз жандардың жағдайын үкімет ойлайды. Әлеуметтік қызметкерлер оларға арзан немесе тегін жатақхана бөлмелерін тауып береді.

Алайда Израильдегі үйсіздердің 2/3 бөлігі эмигранттар болғандықтан, олар жергілікті елдің тілін мүлдем түсінбейді немесе нашар сөйлейді екен. Сондықтан олар елге қыдырып келген туристерден қайыр сұрап күн көруге мәжбүр.

4. Франция. Парижде бомждарды қойларға теңейді. Себебі романтикалық елде жүрген "қаңғыбастар" санында шек жоқ.

5 Қытай. Мұндағы халық жапондықтар секілді "әрбір адам еңбек етіп ақша табуы керек" деп санайды. Ал мемлекет оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Жатақханада тегін жатқызып, ақысыз тамақ та береді. Одан бөлек бағасы өте арзан тұратын моншалар да жетерлік.

6. АҚШ. Америкалықтар бомждарға жаны ашып, қамқорлық танытуға тырысады. Онда үйсіздер түнеу үшін арнайы орнатылған шатырлы лагерьлер бар. Бұдан бөлек тегін қонып, тамақтануға және жуынуға болатын орындар да қарастырылған.

Сондай-ақ америкалық қаңғыбастар мемлекеттен көмек ретінде ай сайын 1 200–1 500 доллар алып отырады. Сондықтан, олардың соншалық төмен түспей де өмір сүруіне мүмкіндік бар.

7. Ұлыбритания. Мұнда қаңғыбастар әдетте, қайырымдылық қорының көмегімен өмір сүреді. Олар үйсіздерге киім, тамақ алып беріп, жатын орынмен де қамтамасыз етеді.

Мемлекет те олардан көмегін аямайды. Мәселен, бүтін бір отбасы өздерін қамтамасыз етуге қауқарсыз деп танылса, олардың бала-шағасы оқитын мектепке жақын жерден үйді тегін жалдап береді.

8. Австралия. Бұл елде "бомж" деген түсінік жоқ. Халық оларды "көшеде түнейтін азаматтар" деп қабылдайды. Австралиялық кезбелердің орта жасы 19 екен.

9. Марокко. Марокода мемлекет қайыршыларға ешқандай көмек бермейді. Мұнда көбінесе балалар көшеде қайыр сұрайды. Осылайша отбасыларына тамақ тауып, күннен күнге жалғанып өмір сүреді.

10. Ресейде қайыршылардың 75 пайызы 20-50 жас аралығындағы жұмысқа қабілетті жандар. Ал мемлекет оларға қамқорлық көрсетпейді. Осыған қарамастан, жерге жайғасып, қайыр тілеу олар үшін ақша табудың оңай жолы саналады екен.

AdMe.ru

Фейсбукте бөліскен Зәуре Дәулетова

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 ай бұрын 662
0 пікір
Блог туралы
0
604968 248 437 2366 167