Қазақстанда заң бұзғандар қоғамдық жұмыстарға тартылады
Қазақстанда заң бұзғандар қоғамдық жұмыстарға тартылады

Ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша алғаш рет қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза енгізіліп отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заңның негізгі ережелерін түсіндіру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заң ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап күшіне енеді. Аталған заң аясындағы енгізілетін түзетулер Қылмыстық кодекстің 262 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 45 бабына және Қылмыстық-атқарушылық кодекстің 9 бабына қатысты болып отыр. Негізінен, кісі өлтіруге қатысы жоқ ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша алғаш рет қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза енгізіліп отыр», - деді Ахметжанов.

Бас прокуратура өкілі атап өткендей, бұл сотталғандар еңбегін қоғам пайдасына қолдануға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, айыппұлдың ең аз көлемі 500 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін төмендетілді және оны өтеу мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұзартылды. Бұл мыңдаған азаматтың айыппұл өтеу мерзімін ұлғайтып, көлемін төмендету туралы арыздануға мүмкіндік беріп отыр», - деді Марат Ахметжанұлы.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
1 ай бұрын 278
0 пікір
Блог туралы
0
604968 248 437 2366 167