Samsung гаджеттерді қуаттайтын «ақылды» киім шығарды
Samsung гаджеттерді қуаттайтын «ақылды» киім шығарды

Оңтүстіккореялық Samsung компаниясы гаджеттерді қуаттайтын «ақылды» жемпір моделін патенттеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы LetsGoDigital-ға сілтеме жасап ria.ru жазады. 

Компанияның жоспарына сәйкес, жемпір адамның қолы қозғалған кезде энергия өндіруі тиіс. Ол үшін киімнің алдыңғы жағында және жеңінде арнайы датчиктер орналастырылады. Аккумулятор киімнің арқа жағындағы төменгі бөлігінде тұрады.

Әзірше, оның көлемі қандай болатыны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Алайда патентте көрсетілгендей, құрастырушылар қуаты аса үлкен емес батареяларды пайдалануды жоспарлап отыр.

Сарапшылар жаңа құрылғыны Лас-Вегаста қаңтар айында өтетін CES-2018 көрмесінде таныстырмақ.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
10 ай бұрын 699
0 пікір
Блог туралы
0
605969 248 437 2366 167