Twitter-дің негізін қалаушы: 10 жылдан кейін криптовалюта әлемдегі жалғыз валютаға айналады
Twitter-дің негізін қалаушы: 10 жылдан кейін криптовалюта әлемдегі жалғыз валютаға айналады

Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі, инвестор Джек Дорси 10 жылдан кейін биткоин миллиардтаған адам қолданатын жалғыз валюта болып қалады дейді.

“Тағы он жылдан кейін адамдар жалғыз валютаны қолданатын болады. Меніңше, ол жалғыз валюта қызметін биткоин атқарады”,-дейді Джек Дорси.

Дорсидің ойынша, биткоинның қазіргі проблемалары оның мықты валюта болып қалыптасуына себеп болады.

“Қазір ол өте баяу әрі қымбат үрдісте дамып жатыр. Бірақ, адамдардың көптеп пайдалана бастауына қарай бұл проблемалар шешіледі”,-деді инвестор.

Джек Дорси бұған дейін биткоинға қатысыт мәселелерді шешетін стартаптардың бірі Lighting Network-қа инвестиция салған еді.

7kun.kz

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
3 ай бұрын 418
0 пікір
Блог туралы
0
505547 248 436 2352 166