Ұшақтың салмағы артпауы үшін мен арықтауым керек – ұшқыш (фото+видео)
Ұшақтың салмағы артпауы үшін мен арықтауым керек – ұшқыш (фото+видео)

Швейцариялық ұшқыш Рафаэль Домжан ғарышты күннен қуат алатын «Solar Stratos» ұшағымен бағындырмақ. Бұл туралы ол «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Швейцария павильонында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Рафаэль Домжан - әлемдегі бірінші күннен қуат алатын ұшақты сынақтан сәтті өткізген азамат. Оның жасыл технологияларға қызығушылығы Солтүстік полюстегі саяхатынан басталыпты.

«Мен 20 жылдан астам уақыт Солтүстік полюске, Шпицберген аралдары мен Ирландияға саяхат жасадым. Мен өз көзіммен 10-15 жыл бойы үлкен мұздықтардың еріп кеткендігін көрдім. Нәтижесінде мен ғаламдық жылыну мен климаттың өзгерісі тек жай сөз ғана емес, ол құбылыстың шынайы болып жатқанына көзім жетті. Бірақ бізде технологиялар мен баламалы қуат көздері бар ғой. Сондықтан мен бізде шешімін таппаған мәселенің бар екендігін әрі оның шешімі де дайын екендігін көпшілік қауымға жеткізгім келді. Осылайша, мен күн энергиясына ғашық болдым», - дейді шетелдік қонақ.

Осы орайда швейцариялық ұшқыш 2015 жылы күннен қуат алатын ұшақпен көкке көтерілген сәттегі әсерімен бөлісті. Сондай-ақ шараға сол ұшақты жасап шығарған компанияның бас директоры Марио Эль Кури де қатысты.

«Solar Stratos» ұшағында мен әлі ұшқан жоқпын. Ал күннен қуат алатын ұшақты 2015 жылы алғаш рет сынақтан өткіздім. Бірақ, бұл ұшақта гүріл жоқ. Яғни қозғалтқыштан, трубинадан шығатын гүріл мүлдем естілмейді. Аспанға көтерілген кезде мүлгіген тыныштыққа куә боласың. Бұл мен үшін ерекше болды», - дейді ол.

Сонымен қатар Рафаэль Домжан бұл сынақтан өткен сәтте қатты қобалжығандығын айтты.

«Бұл жерде Марио мырзаның өзі отыр ғой. Оның компаниясының қызметкерлері ұшаққа күн панельдерін жабыстырды. Біз ұшақ көкке көтерілген кезде «панельдер ұшып кете ме?» деп қорықтық. Ал қазір бізге осы жағдай күлкілі көрінеді. Шынын айтқанда, біздің ұшақтағы күн панельдері қарапайым панельдерден айырмашылығы жоқ. Біздің мақсатымыз әдемі, қымбат өнім жасау болған жоқ. Біз тек күн энергиясын максималді түрде қолданылуы қажет деген пікірді ұстандық», - дейді ол.

2018 жылы шетелдік ұшқыш «Solar Stratos»-пен стратосфераны бағындырмақ. Ұшақтың салмағы ұшқышпен бірге есептегенде 450 келі. Ал ұшу құралының қанатымен қосқандағы ені – 24,8 м, ұзындығы – 7,9 м. «Solar Stratos» ұшағының қанаттары үлкен. Мұнда күн панельдері орналасқан. Соның есебінен ұшақ жерге қонбай үлкен қашықтықты бағындыра алады. Ұшақ 25 мың биіктікке дейін көтеріледі. Алайда ұшқыш жоғары биіктікке көтерілген жағдайда денсаулығына зиян келмес үшін арнайы герметикалық костюм киюі шарт.

Сонымен қатар күннен қуат алатын ұшақты басқа ұшақтармен салыстырғанда оған жанар-жағармай қажет емес. Оған тек күннің сәулесі керек.

«Solar Stratos-тың» салмағы жеңіл болған сайын, ол жоғары биіктікке бағындыру мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан ұшақты құрастырушылар барынша ұшу аппаратының салмағын жеңілдетуге тырысады. Бірақ, ғарышқа саяхат қауіпсіз болу үшін ұшқыш та салмақ тастау қажет екен.

«Solar Stratos» әлі құрастырылып жатыр. Инженердің ұшаққа қосқан салмағы үшін мен арықтауым керек. Ұшаққа көкке көтерілгенге дейін менің салмағым нөл келі болатын шығар», - дейді Рафаэль Домжан қалжыңдап.

 

 

Ұшақ екі ұшқышқа арналған. Алайда Рафаэль Домжан старатосфераға жалғыз ұшпақ. Себебі, екінші орын арнайы скафандрға арналған. Скафандр ұшқышқа жоғары биіктікте қажет болады, дейді мамандар.

«Қауіп бар. Себебі, өте жоғары биіктікте скафандрдағы қысым жоғалса, адам бір минуттің ішінде өліп кетуі мүмкін. Бірақ тәуекелсіз саяхатың қызықсыз ғой. Біз алдағы жылы 16 мың метр биіктікке көтерілуді жоспарлап отырмыз. Ал ең жоғары биіктікті 2019-2020 жылдары бағындырмақпыз», - деді Рафаэль Домжан.

 

Айта кетейік, швейцариялық ұшқыш 2018 жылы Цюрих қаласынан «Solar Stratos»-пен ғарышқа ұшпақ. 

 
 
 
 
 
Дәурен ЕРБОЛАТФото: Абзал Қалиев

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
10 күн бұрын 126
0 пікір
Блог туралы
0
309571 248 432 2282 164