50,6 мегапиксел енді ертегі емес
50,6 мегапиксел енді ертегі емес

«Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінде Canon өзінің жаңа фотоаппаратының тұсауын кесті.

Әлемге әйгілі бренд бұл жолы өз тұтынушысына теңдессіз EOS 5 DS және 5DS R фотокамерасын ұсынды. Бұл аппараттардың басты ерекшелігі оның 50,6 мегапиксельмен түсіре алатынында. Сапалы суреттердің ауырлығына қарамастан, фотокамера сурет түсірудегі жылдамдығын жоғалтпады. Digic 6 қос процессорының көмегімен кез келген көлемдегі фото қас қағым сәтте құрылғының жадына сақталып үлгереді.

Тұсаукесерге жиналған фото­графтарға тағы EOS 750D/760D жаңа фотоаппараттары да та­ныстырылды. Алғашқысына қа­рағанда бұл камералар қол­же­тімді. Жаңадан үйреніп жүрген кез келген азамат бұл фотоаппа­раттармен еркін қолдана алады. Әрі бағасы да тиімді. EOS 5 DS пен 5DS R бағасы 750 мыңның төңірегінде болса, EOS 750D/ 760D 220 мыңның маңайын­да са­тылады. Аталған фотоаппараттар біздің нарыққа шілде айында шы­ғады деп күтілуде.

Canon 750D / 760D Review (Rebel T6i and T6s): which is the better buy?

Кездесу барысында Canon компаниясының өкілі Ференц Торок жаңа модельдің ерекше­лігіне тоқталып, компанияның алдағы жоспарымен бөлісті. 
Биылдан бастап біздің елде CPS (Canon Professional Services) қызмет көрсету бағдарламасы іске асты. Бағдарлама аясында сіз өз фотоаппаратыңызды компа­нияның техникалық маман­да­рына тегін қаратып, жөндей ала­сыз. Аталмыш қызметке тіркелу ақысыз. Бастысы сіз Canon өнім­дерін қолдануыңыз қажет.

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
1 год назад 683
0 комментариев