Орыстар ойбайлап жатыр
Орыстар ойбайлап жатыр
"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) аталмыш ұйымға кіретін елдердегі алкогольді тұтыну деңгейі туралы салыстырмалы есебін жариялады", - деп хабарлайды Росбалт.

«Зерттеушілер алкогольдік жиі қауіп-қатер факторы болып табылатынын атап өтеді. ЭЫДҰ есебінің мәліметінше, Ресейдегі өлімнің 30%-ы қалай болғанда да алкогольді тұтынумен байланысты», – делінген хабарда Ұйымның баяндамасына сілтеме жасалып.

Есепке сәйкес, соңғы 20 жылда дамыған елдерде алкоголь пайдалану орта есеппен 2,5%-ға төмендеген.

2012 жылы ЭЫДҰ елдерінде жан басына шаққанда бір адамға орта есеппен жылына 9,1 л алкогольден келген. Бұл көрсеткіш Эстонияда, Аустралия мен Францияда асырылған, онда жан басына шаққанда бір адамға жылына 12 л жуық алкогольдік сусыннан келеді. Оңтүстік Кореяда, АҚШ-да, Канадада бәрінен аз ішеді.

Баяндамада алкогольге деген қызығушылықтың жалпы төмендеуіне қарамастан, көп елдерде кері эффектінің байқалып отырғаны атап көрсетіледі. Жастар арасында маскүнемдіктің өсім қарқыны бойынша Ресей көшбасшы болып табылады.

Одан кейін Эстония, Үндістан және Қытай тұр. Қауіп-қатерлі үрдіс сондай-ақ Норвегия, Исландия, Польша, Швеция, Финляндия, Ұлыбритания және Ирландияда байқалды. Осы ретте жас италиялықтар, француздар мен Словения тұрғындары алкогольді аз пайдаланатын болыпты.

 Дамыған елдерде тұтынылатын ішімдіктің негізгі көлемі халықтың 20%-ына келеді. Этникалық топтардың өкілдері, әдетте, ежелгі тұрғындармен салыстырғанда аз ішеді.

КазТАГ

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 865
7 комментариев
  • Кеңес Одағы өз уақытында да арақ ішуден әлемде бірінші орын алатын.
    Содан қалған анекдот бар.
    Шет елдік журналист Кеңестік азаматтан сұрайды: -Сіз арақ ішесіз бе?
    Жауап: - Мен ішпеймін!
    Журналист: - Мүлдем ішпейсіз бе?
    Жауап: - Мен ішпеймін. Мен сіміремін!, - деген екен
    2 года назад
  • Ай қатырасыз )
    2 года назад
  • Арақ соғыссыз-ақ орекеңдердің түбіне жететін секілді.
    2 года назад
  • Иә жағдайлары қиын
    2 года назад
  • Алла халқымызды осы індеттен сақтасын
    2 года назад
  • Жакында бир танысымды кезиктирдим. Есил каласында турып едик. Ози маган жерлес ага болып келеди. Сауда жасайтын, спирт сататын, конды коринетин. Мен ол жактан кеткели де бираз болып калды ау. Осы таяуда жолыгып калып жон сурастык. Курылыста еки жерде электрик болып жумыс истейтинин айтты. Сауда журмей калды, ишетиндердин барлыгы Мешитке кетип калды деп мунын шакты. Мен: ол жаксы емес пе деп койып калдым. Куанган турим гой баягы. Ол да жулып алгандай: жаксысы жаксы ау, бирак саудама кесири тиди гой деп карап тур. Бундай адамдарга не айтуга болады а?!
    2 года назад
  • тақырыбын тауып қойыпсың, қазақы реңк
    2 года назад