Шариғат шәлісіне қалай қарайсыздар?
Шариғат шәлісіне қалай қарайсыздар?

Бүгін сайтта "Шариғат шәлісіне қатысты сауалнама нәтижесі" деген жаңалық шықты. Осыны оқыңыздар. Одан кейін сіздердің де пікірлеріңізді білейік. 

Канадада жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне қарағанда, ел тұрғындарының көбісі қоғамдық орындарда әйелдердің басына орамал тартып жүргенін көргісі келмейтінін жасырмаған. Бұл жайында Winnipeg Free Press ақпарат көзі хабар таратты. Әйтсе де діндар әйелдерге қалай киіну керектігі жөнінде нұсқау беруге болмайды деп есептейді. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 20-22 күндері аралығында Abacus Data ұйымы жүргізген сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбісі әйел адамның қоғамдық орындарда бет-аузын тұмшалап алып жүргенін қаламайды, сонымен қатар, шариғат шәлісін жақтырмайтындардың қарасы да аз болмай шықты – 33%. Десе де, респонденттердің 55 пайызы әйелдердің бет-аузын тұмшалап алу мәселесі олардың өз шаруасы деп есептесе, шариғат шәлісіне байланысты осындай пікір білдіргендер саны 73 пайызды құраған. Канадалықтардың 51 пайызы бет-аузын тұмшалап алған әйелдер кездесетін қоғамда өздерін жайсыз сезінетінін жеткізген көрінеді. Ал 22 пайызы шариғат шәлісіне қатысты осындай пікір білдірген екен. Сауалнамаға қатысқандардың 71 пайызы мұсылман әйелдері өз қалауымен бет-аузын тұмшалап алады деп есептесе, 28 пайызы оларды бұған ер адамдар мәжбүрлейді деп санайды.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 655
0 комментариев