Тұрсынжан ШАПАЙ: БҰЛАЙ БОЛМАЙДЫ ҒОЙ…
Еліміздегі, әсіресе, дүбірлі оқиғалар тұсында қозып кете беретін патриоттық сезімімді қайда қоярға білмей, аласұрып жүргенде, құдай өзі сәтін салған бір оқиға болды. Күндегі уақытта, күндегі әдетіммен жолымдағы театр ғимаратының тұсынан өтіп бара жатқанымда, театрдың артқы есігінен шығып, ешкімге көрінбей, ақырын ғана жылысып бара жатқан Абай Құнанбаевты көріп қалдым!.. Қолпиған ұзын шапанының етегі жер сыпырып, аяғын асыға басады. Суретінде шал сияқты көрінгенмен, өмірде пысық, ширақ адам екені көрініп тұр. – Абеке…Ибраһим Құнанбайұлы, сәл аялдаңызшы, – деп, соңынан тұра жүгірдім. – Айып...