150 көлік апатқа ұшырады (видео)

Бұл оқиға АҚШ-тың Мичиган штатында орын алған. Аталған штаттың батыс жағында үлкен жолда бірнеше көлік соқтығысып қалған. Жел ұйытқып, боранның салдарынан жолдың көрінуі нашар болған. Көліктер тек жақындағанда ғана алдында көліктердің соқтығысып жатқанын байқағаны бейнежазбада анық байқалады. Батл Крик атты азамат осы сәтті бейнежазбаға түсіріп алған. Оқиға кезінде бір адам қаза тауып, екі адам ауыр халде емханаға жеткізілді деп жазады Дейтройттық пресса.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 3067
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167