Әйелі үш баласымен тастап кеткен ер адамның жүрек тебірентер оқиғасы (ФОТО+ВИДЕО)
Әйелі үш баласымен тастап кеткен ер адамның жүрек тебірентер оқиғасы (ФОТО+ВИДЕО)

Адам өз өмірінде сансыз қиындықтарды бастан өткереді. Сондай жағдайларда бір орында тоқтап тоқырап қалу ең қауіпті нәрсе. Кейде өмірде болатын белгілі-бір оқиғалардың жақсы өзгерістер әкелетінін біз білмей жатамыз. Алайда, ол өзгерістер біз ойлағаннан да қиын әрі ауыр болуы мүмкін. Рахатбек Усенқожоев осындай қиындықтарды бастан кешірген адамдардың бірі. Оның әйелі мен үш баласы болған. Қолынан келгенше жұмыс істеп бала-шағасын асыраған. Осыдан 7 жыл бұрын Рахатбек құлап қалып арқасын зақымдап алады. Содан бері жүре алмай қалған. Әйелі мұндай ауыртпалықты көтере алмай Рахатбекті балаларымен бірге тастап кеткен. Сол кезде ол өзінің жағдайына қарамастан балаларды асырау керектігін ойлап жұмыс істейді. Балаларды асырау оның басты стимулына, мақсатына айналады. Рахатбек қолынан іс келетінін сезеді. Анасына былғарыдан сөмке тігіп береді. Содан бастап тіккен сөмкелерін сата бастайды. Алайда, әу баста оның сөмкелеріне сұраныс аз болады. Тапқан табысы тек азық-түлікке ғана жетеді. Арада біраз уақыттан кейін Рахатбек өз қолынан жасалған бұйымдарды аудандық көрмеге қояды. Сол кезде адамдар оның былғарыдан жасаған жұмыстарын көреді.

 

Рахатбек Қырғызстан азаматы. Ол Бішкектен 400 шақырым жерде орналасқан ауылда ата-анасы мен інісімен тұрады. Десе де бұл жерде ғаламтор жұмыс істейді. Енді оған тауар тапсырыстары басқа қалалардан, тіпті, басқа елдерден келіп түседі.

 

Сөмкелерден бөлек Рахатбек белдіктер мен белбеулер тігеді. Қазір ол өзінің бала-шағасын асырауға мүмкіндігі бар.

 

Жақында оған неміс дәргерлерінен оны емдеуге байланысты ұсыныстар түсті. Дәргерлер оны емдеуге қауқарлы екендіктерін айтып ота жасауға дайын екендіктерін білдірген. Алайда, ол үшін 50 000 евро қажет. Соның өзінде бұл отадан кейін Рахатбек аяққа тұрып кете ала ма, белгісіз.

 

Дайындаған: Назерке МҰСА, qamshy.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3052
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167