Анасының қолынан ұстап келе жатқан кішкентай қыз кенеттен тоқтай қалды. Жаңбыр тамшыларымен суланған көзілдірігін шешіп, әкесінің велосипедінің артына мінгесіп алған өзіне тетелес кішкентай қызға телміре қарап тұрды. Велосипедтің артында отырған әлгі қыз құлап қалмайын деп әкесінің белінен қатты құшақтап алыпты. Таңғы ызғар суықтан қызарған бетін әкесінің арқасына төсеп келеді. Әкесі қайта-қайта басын бұрып қызына бір нәрселерді айтып бара жатыр. Қыз болса ішек-сілесі қата күледі.
Велосипедтің соңынан телміре қарап тұрған қызына анасы:
- Үйдегі ойыншықтарың жетпейтіндей велосипедке телміріп тұрғаның не? Қаласаң, әкеңе айтып саған да алдыртамыз.
Қыз бәсең дауыспен:
- Велосипедке емес, қызға қарап тұрмын. Әкесі артында отырған қызымен әңгімелесіп бара жатыр...
Анасы қызының сөзін елеген де жоқ. Қымбат теріден тігілген бас киімін түзетіп жатып:
- Достарың осындай жаңбырлы күнде мектепке жаяу келеді. Ал сенің әкең жұмысқа асығып тұрса да сені көлігімен әкеліп тастайды.
Қыз көзін әлі велосипедтен алмады. Шешесі одан сайын ашуланып:
- Онда әкең сені де велосипедпен әкелсін! - деді мысқылдап.
Бүлдіршін қыз жанарынан аққан көз жасын анасына көрсетпеуге тырысып:
- Жақсы болар еді, - деді күбірлеп, - мен де әкемді құшақтап отырар едім...
Әкемді құшақтар едім...
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.