Әкесін іштей сезетін бала және қатыгездік!
Әкесін іштей сезетін бала және қатыгездік!

Баламызды Райымбектің апасына көз-мөзден оқытуға апардық. Ол кісі үйдің жанында салынған үйшікке квартиранттарды кіргізетін болу керек, сол үйден шығып-кіріп жасы төрттегі бала ойнап жүрді. Әбден жалықса керек, көзі бірден бізге түсіп, сөзге араласа бастады. Біз жылы жылы сөйлеген сайын бала есіріп есе бастады. «Бұл балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді-ау» деп ойладым ішімнен. Біздің бала анасымен апасына кіріп кеткеннен кейін жаңағы бала менімен алысуға шындап кірісті. Сөйтіп мен бір қолмен, ол аяғы бар, қолы бар, тісі бар, общым бүкіл денесімен төбелесе бастады. Ақыры күші жетпеген соң қолына таяқ ұстады. Таяғын тартып алып, әрмен қарай лақтырып жібердім. Менің лақтырғанымды көрген ол бір кезде маған тас жаудыруға кірісті)). Қатты ұрсып берейін десем аяп кеттім, содан мен балаға:


- Әй балам, келші, оданша екеуіміз құшақтасайық дедім. Ол бір сәт ойланып тұрып қалды да, тасын жерге лақтыра салып маған жүгіріп келіп құшақтай алды. Мен оны, ол мені қатты құшақтасып тұрдық. Ойыма бірден «ә, бұл баланың әкесі жоқ қой, бағанадан бері мұны қалай ғана тез сезе қоймадым» деп, оны құшақтасқан күйде жоғары көтеріп самолет қылып ойнаттым. Бала тұңғыш рет аспанға көтерілгендей мәз болды. Көңілді күйінде бала: 

- Менің анашым жұмыста, кешке ғана келеді, шаршап келеді, ойната алмайды, деді күрсініп. «Әкең қайда?», деуге дәтім бармады, себебі үзілейін деп тұрған жерінен қайшымен қиып жіберетіндей сұрақ қою қашанда болмасын топастық. Бірақ баланың өзі: 

- Менің анашым әкең өліп қалды дейді, бірақ мен оған сенбеймін, ол тірі, деді. Жүрегім «зу» ете түсті, 4 жастағы бала өлімді қайдан біледі, анасының алдап тұрғанын қалай сезеді деп жаным ашыды. Ал осындай жас бүлдіршіндердің қазіргі саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұндай балаларға дер кезінде дұрыс тәрбие бермесе, бауырға баспаса ертең қылмыстың неше түрін шығарады. Қатігездік, қанішерлік осындай отбасылық жағдайлардың әсерінен шықса керек.

Дәулет Әшімхан

Facebook-тегі парақшасынан 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2814
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167