Америкада орыстар қанша үндісті өлтірді?
Америкада орыстар қанша үндісті өлтірді?

echo.msk.ru сайтында «Орыстар Америкада қанша үндісті өлтірді?» деген мақала жариялады. www.qamshy.kz сайты мақаланы аударып назарларыңызға ұсынуды жөн көрді. Ресейлік саяси телевизиялық ток-шоуларда маған «американдықтар үндістерді өлтірді!» дегенді жиі айтады. Тақырып - Украина, Сирия немесе Ресейдегі жемқорлық жайында болса да, айналып келіп аталмыш мәселені қозғайды. Бірақ үндістердің тарихы, ток-шоудағы қарсыластарымның ойлағанынан әлде қайда қиын. Олар отарлаушылар мен үндістердің тарихтағы өзара қарым-қатынасын, кеңестік ескі, әйгілі көркем фильмдеріне қарап бағалайтын секілді. Мәселен, «Текумзе», «Золото Апачей», «Сыновья Большой Медведицы» және «Чингачгук – Большой Змей» фильмдері. Барлық ресейліктер аталмыш киноларды жақсы біледі және басты рөлдегі Дин Рид пен Гойко Митичті сүйсіне еске алады. Біріншіден, АҚШ-тың құрылуына 170 жыл қалғанда ағылшын, голланд, испан және француз қоныстанушылары Солтүстік Америкаға келіп, жаңа жерлерді жаулай бастады. Ол кезде «американдықтар» мүлде болмады. Көбіне ағылшындар мен голландықтар Американың шығыс бөлігіне қоныстанды. Француздар – орталыққа. Ал испандықтар – батыс аймаққа. Американың көп бөлігінде үндістер өмір сүрді. Барлық аймақта жер үшін қырқыстар болды. Орыстар да Аляскадағы Жаңа Америкада қоныстанып жатты. 220 жыл бойы Ресей империясы Аляскада отарлау саясатын жүргізіп келді. Тұңғыш орыс экспедииясы Алясканы ашқанда Ресей оны АҚШ-қа сатып жіберді. Ресей империясының шалғайда жатқан форпосты «Ново-Архангельск» болды және рубль бұл аймақтың ақша бірлігі ретінде қолданылды. 19-шы ғасырдың ортасында «орыс Аляскасының» аумағында 8000 орыс, 60,000 түземдіктер өмір сүрді. Олар – үндістер, эскимостар және алеуттер болып үш этникалық топтан тұрды. 220 жыл бойы түземдіктер мен орыстардың арасында жер үшін талас болды. 1802-1805 жылдар аралығы соғыстың ең шиеленіскен уақыты ретінде тарихта қалды. Осы ұрыстар кезінде үндістер, эскимостар және басқа да жергілікті тұрғындар орыс отарлаушыларын өз жерінен қууға тырысты. Аляскадағы орыстар қанша үндістер мен түземдіктерді өлтірді? деген сұрақ туындайды. Нақты сан жоқ. Бірақ, тек бір орыс-үндіс соғысында 200 түземдік және 50 орыс көз жұмып, 2 орыс бекінісі жойылды. Осы сандарға қарап, Алясканы отарлау кезінде 220 жыл бойы мыңдаған түземдіктер орыс қоныстанушыларымен болған қақтығыстарда көз жұмды деп болжауға болады. Мыңдаған адамның өлімі, басқа еуропалық елдердің үндістерді жаппай қыруымен салыстырғанда өте аз екені белгілі. Әрине, орыстар мен үндістердің қақтығыс ауқымы Солтүстік Американың басты аймақтарындағы соғыстардан әлде қайда аз. Сондықтан «геноцид» сөзін Аляскадағы қоныстанушыларға қатыстырып айта алмаймыз. Бірақ бұл мәселенің негізін өзгерте алмайды. Дәйек дәйек ретінде қалады. Ресей басқа еуропалық державалар секілді Американы жаулау кезінде жергілікті тұрғындармен әскери қақтығыстар өткізді. Ресейліктердің Колифорнияны отарлау процессі бейбіт тұрғындардың өлімінсіз өтпеді. Иван Александрович Кусковтың экспедициясы (1808-1809 жж) жергілікті үндістердің атысымен аяқталды. Екі жақтан да қаза тапқандар болды. Булыгинның басшылығындағы кеме толық жойылды. Дегенмен 3 жылдан кейін орыс жиһанкездері Калифорнияда бірінші қамалын құрды. «Форт-Росс» 1812 жылы Американың шығыс жағалауында бой көтерді. Ол 1841 жылға дейін тұрды. 19 ғасырдың басында орыс отарлаушылары Гавайда Елизаветиндік қамалды құрды. Ал бұл жерлерді иемдену үшін қаншама гавайлық түземдік көз жұмды? Тарихта бұл жөнінде ештеңе айтылмайды. Еуропа да, Ресей империясы да жерді түрлі әдіспен жаулап алған. Өкінішке орай, БҰҰ «жаңа әлемдік тәртібіне» қарамастан, бұл тарихи процесстер екінші дүние жүзілік соғысынан кейін де аяқталмады. 1950 жылдан бері әлемдік тәртіп бұзушылықтар саны 10-нан асады. Оның соңғыларының бірі – Ресейдің Қырымды отарлауы. Иван Васильевич пен Ұлы Екатеринаның бастамасы әлі күнге дейін жалғасын табуда....

Автор: Майкл Бом Аударған: Әсем Әлмұханбет

http://qamshy.kz/

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2904
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167