Ақыр заманның әлі болмаған 4 белгісі
Ақыр заманның әлі болмаған 4 белгісі

Қазіргі таңда қиямет қайымның үлкен де, кіші де белгілерінің көпшілігі орындалды. Ал, әлі болмағандарының бірі Араб түбегінің маңайындағы климаттық және жер бетіндегі өзгерістердің орын алмауы. Себебі, «... ақыр заман болғанда арабтың жерінің өзі баққа айналып, өзендер сарқырап аға бастайды», - деген хадис бар. Ал, біздің білуімізше, шөл далада мұндай құбылыс әзірге байқалған жоқ.

Келесі нышан туралы хадисте былай делінеді: «Жыртқыш жануарлар адаммен тілдеспейінше, қиямет қайым болмайды». Біз ит-мысықтардың айтқаныңды түсініп, кейде үріп, мияулап жауап қайырғандай болғанын көргенімізбен, жыртқыштардың сөйлеген жағдайы орын алған емес.  

Тағы бір анық белгілердің бірі әл-Махди имамның келуі.  Әбу Саид әл-Худри (р.а) Алла Елшісінің (ﷺ): «Менің үмбетімнің өмірінің соңына қарай әл-Махди пайда болады... », -деп айтқанын жеткізеді. Сондай-ақ,  Әбу Саид әл-Худри (р.а) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген: «Мен сендерді әл-Махди туралы хабармен қуандырамын, ол адамдар арасында бүлік пен алауыздық болғанда жіберіледі және ол оғанға дейін зұлымдық пен езушілікке батқан әлемді әділдік пен игілікке толтырады. Жер мен көкті мекендеушілер оған разы болады».

         Негізінен ислам ғалымдары ақыр заман белгілерін 3 топқа бөліп қарастырады. Біріншісі – болып кеткен және енді қайталанбайтын, екіншісі- болып өткен, бірақ алдағы уақытта бірнеше рет қайталануы белгілер, ең соңғысы әлі болмағандары.

  1.  (Омар Сулейман әл-Ашқар. Әл-Қийама ас-сугра. – Амман: Дар ән-Нафа’ис, 2004. – С. 203.)
  2. Әл Хакимнің «Әл-Мустадракы».
  3. Ахмадтың «Муснады». 

    Ihsan.kz 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 4650
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167