Байланыс қызметтерін арзандату үшін қолжетімді «әлеуметтік» тарифтер енгізіледі. Коммуналды қызмет ақысы қай облыстарда қаншаға арзандайды?
Байланыс қызметтерін арзандату үшін қолжетімді «әлеуметтік» тарифтер енгізіледі. Коммуналды қызмет ақысы қай облыстарда қаншаға арзандайды?

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кабельдік кәрізжелілерін жалға беру қызметі тарифтерін, сонымен қатар, ауылдарда кабельді телефон мен интернет тарифтерін реттеу бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жұмысы қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова баяндады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, кабельдік кәрізжелі қызметтерінің тарифі соңғы екі жылда еш өзгермеген әрі ол қызмет тек заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Д. Щеглованың айтуынша, ауыл тұрғындарына телефон және интернет тарифтері бойынша (2013 жылдан бастап) өз құнынан төмен бағамен қызмет көрсетіледі. Телефон байланысы тарифі —  596 теңге (ал өзіндік құны — 1125 теңге), интернет тарифі — тарифтік жоспарға қарай 982 теңге мен 1964 теңге аралығында (өзіндік құны — 2932 теңге).

Ауылдық жерлерде тариф бойынша әмбебап қызмет көрсететін операторларға өтемақы бюджет есебінен төленеді. Биылғы жылы осы қызметтерді субсидиялауға 8,7 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде байланыс қызметтерінің тарифтік қолжетімділігі бойынша Қазақстан жоғарғы орында тұр. Оның ішінде ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 29 орында болса, ал бекітілген кеңжолақты интернет қызметтері бойынша 20 орында», — дейді Д. Щеглова.

Байланыс қызметтеріне бағаны төмендету бойынша тапсырманы орындау мақсатында ҚР АКМ барлық ірі байланыс операторларының:  «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қатысуымен кеңес өткізді.

«Кеңес қорытындысы бойынша байланыс операторлары қолжетімді «әлеуметтік» тарифтік жоспарларды әзірлеу арқылы байланыс бойынша көрсетілетін қызметтер тарифін төмендетуді ұсынды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне осы айдың соңына дейін жаңа трифтік жоспарлардың құрылымы, қызмет көрсету көлемі мен бағалары бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Операторлардан әлеуметтік тарифтік жоспарлар бойынша ақпарат алған соң оларды БАҚ-тарда насихаттау жұмыстары жүргізілетін болады», — деп түйіндеді вице-министр.

Коммуналды қызмет ақысы қай облыстарда қаншаға арзандайды?

Үкімет отырысында ТКШ саласындағы монополистердің қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

Министр атап өткендей, ТКШ саласындағы монополистердің қызметтеріне, жарыққа, көмірге, жылумен, сумен, газбен жабдықтауға, кәріз жүйесіне, телефон байланысына, интернетке, лифттерге қызмет көрсетуге, қоқыс шығаруға тарифтерді төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігі бірқатар шараларды қабылдады.

«Бүгінгі күні жылумен, сумен және электр энергиясымен жабдықтау саласындағы 32 монополист бойынша тарифтерді 20,3 млрд теңгеге, оның ішінде соңғы екі аптада 6 субъекті бойынша 1,9 млрд теңгеге төмендету туралы шешім қабылданды. Монополисттердің негізсіз алған кірістерін анықтау және оларды тұтынушыларға қайтару мақсатында 33 жоспардан тыс тексеру ашылды. 24 жоспардан тыс тексеру ашылу алдында», — деді Т. Сүлейменов.

Жылумен жабдықтау

Алматы облысы: «Жылу желілері» ЖШС 320 миллионға 5 619,46-дан 5 604,85 теңге/Гкал-ға (-0,26%) төмендеді;

Сумен жабдықтау/сұ бұру

Алматы облысы: «Қапшағай Су Арнасы» МКК, 93 миллионға, оның ішінде сумен жабдықтау 87,92-ден 75,34 теңге/м3 (-14,31%), су бұру 108,53-тен 73,99 теңге/м3 (-31,83%) төмендеді;

Электрмен жабдықтау

Ақтөбе облысы: «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС, 314 миллионға 14,39-дан 14,16 теңге/кВтс (-1,6%) төмендеді;

Қызылорда облысы: «Энергосервис» ЖШС, 200 миллионға 18,16-дан 17,9 теңге/кВтс (-3,67%) төмендеді;

Алматы облысы: «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, 158 миллионға 18,16-дан 17,9 теңге/кВтс (-1,43) төмендеді;

Солтүстік Қазақстан облысы: «Солтүстік энергоорталық» ЖШС, 9,8 миллионға 17,9-дан 16,78 теңге/кВтс (-6,6%) төмендеді.

Министрлік сонымен қатар, электр энергиясына және газға

арналған көтерме бағаларды төмендету жұмысын жүргізуде, бұл соңғы

тұтынушылар үшін бөлшек бағаларды төмендетуге мүмкіндік береді.

ҚР ҰЭМ облыстардың және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктерімен жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және жабдықтау, қоқысты шығару, пәтер иелерінің кооперативі, лифт қызметтеріне, сондай-ақ автобус, троллейбус және трамвай

тасымалдары қызметтеріне бағаларды төмендету бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туралы мәселені пықыстап жатыр.

Оқыңыз:   Екі айда Медсақтандыру қорына 5 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Т. Сүлейменов атап өткендей, Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараты бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап келесі қызметтердің бағалары төмендетілетін болады:

  • пәтер иелерінің кооперативі қызметтеріне 6,7% (15 теңгеден 14,1

теңгеге);

  • қоқыс шығару қызметтеріне 5% (99 теңгеден 94,4 теңгеге);

  • лифт қызметтеріне 7% (770 теңгеден 715 теңгеге).

Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс ұйымдастыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында халықпен тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде 1312 адам қатысқан 48 қоғамдық қабылдау өткізілді. Т. Сүлейменов өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларға қатыса алмайтын тұтынушылар үшін «жедел желі» телефондары жұмыс істейтінін хабарлады. Жедел желі телефоны 8-8000-8000-12, Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.

Орта мерзімдік шараларға қатысты, тариф белгілеудің ашықтығын және монополисттердің тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелерді орындауын күшейту үшін заңнамаға түзетулердің екі топтамасы әзірленді.

Монополистерге тексерулер жүргізу тетіктерін нығайтатын және Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізуді талап ететін түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауындағы бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасында алдын ала қарастырылатын болады.

Жеке кәсіпкерлердің 70%-ы тендерге қарап отыр

Отандық бизнес биліктің мойнына мініп алған. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елдегі кәсіпкерлік саласы жөнінде осылай шағымданды, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның пайымдауынша елімізде жеке кәсіпті қол еткендердің 70 пайызына жуығы мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардың ұсынатын тендерлеріне қарап отыр. Президенттің экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту туралы тапсырмасы қалтарыста қалғандай дейді сенатор.

«Қазіргі таңда елімізде бизнестің дамып жатқаны жасырын емес. Бірақ олардың көбі мемлекеттік сатып алумен күндерін көріп отыр. Яғни, мемлекеттің берері не болады деп бағамдауда. Экономикадағы мемлекеттің үлесі аса үлкен екені анық байқалады. Бұлай болған жағдайда жеке кәсіпкерлік деген сөздің мәні жоғалады», — деді Мұрат Бақтиярұлы.

naryk.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
5 жыл бұрын 3070
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167