Балалық шақ неге есте қалмайды?
Балалық шақ неге есте қалмайды?

Адам өз өмірінің алғашқы үш жылындағы естеліктерді білмейді. Оған не әсер ететінін жақында Торонто ғалымдары анықтады, деп жазады Naked-science.

Олардың айтуынша, балалық шақтағы естеліктердің жадыда сақталмауы нейрогенезге байланысты. Яғни, адам миында жаңа клеткалар пайда болғанда, ескілері жойылады. Жаңа нейрондар білім мен жаңа ақпаратты есте сақтауға қабілетті арттырғанымен, ескілерімен бірге өткен күндер туралы естеліктер де өшіріледі, дейді ғалымдар.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, естеліктердің табиғи жолмен жойылуы адам миын артық ақпараттан қорғайды. Ал нейрогенездің ең белсенді кезі балалық шақта болады. Одан кейінгі кезеңдерде жаңа нейрондардың пайда болуы бәсеңдейді.

egemen.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2802
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167