БЕС АДАММЕН ЕШ УАҚЫТТА ДОС БОЛМА
БЕС АДАММЕН ЕШ УАҚЫТТА ДОС БОЛМА

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді: Әкем маған «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма,-деді. Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?,-дедім. Әкем: Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді,-деді. Мен: әке! Одан да төмені не?,-дегенімде: Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе,-деді. Әке! Екінші адам кім? Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді. Әке! Үшіншісі кім?,-дедім. Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді,-деді. Әке, төртіншісі кім?,-дедім. Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді,-деді. Әке, бесіншісі кім?,-дегенімді: Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім»,-деп өсиет еткен екен. р.с.Дос (араб тілінде "садық") шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос әр жағдайда сізбен шыншыл қарым-қатынастағы бауырыңыз  

Руслан ҚАМБАРОВ
kazislam.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 7097
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167