Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтыны дәлелденді
Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтыны дәлелденді

Саумал ішсең сау жүресің. Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтын да әсері бар екен. Ұлттық тағамтану академиясының ғалымдары зерттеу жүргізіп, осындай тұжырымға келген, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Саумал мен қымыз созылмалы аурулардың алдын-алып, диабет пен остеопорозды емдеуде таптырмас дәрі дейді олар.

Бие сүті әсіресе егде жастағы адамдар үшін өте пайдалы екен. Екі ай бойы күнделікті үзбей саумал ішкен қарттарда холестерин азайып, ағзадағы глюкоза мөлшері қалыпты жағдайға түсіпті. Бұл өз кезегінде кәрілікті тежеуге септігін тигізетін көрінеді. Дегенмен, бие сүтінен жасалған тағамдардың пайдасы мол болғанымен, құны тым қымбат. Оның үстіне, саумалды суытпай ішуге көбінің, әсіресе, қала тұрғындарының мүмкіндігі жоқ. Бірақ, бұл олқылықты жоюға болады дейді академик Төреғали Шарманов.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3586
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167