Тіске арналған протез, смартфон және сүйікті рок әншілер тобыңыздың арасында қандай байланыс бар? Оларды ортақтастыратын – мұнай. Мұнай болмағанда, аталғандардың біреуі де болмас еді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бүгінде күнделікті қолданып жүрген жоғары технологиялық құралдардың барлығы мұнай шикізатынан жасалған. Әлем мұнайдан бас тартқан жағдайда, өміріміздің бір бөлігіне айналған маңызды дүниелерден де бас тартуға тура келеді. Төменде аталатын мұнайдан жасалған 9 заттың біеруінсіз де өмірімізді елестету мүмкін емес.
Хирургиялық жіп пен тіске арналған протез
Полиамидті жіптерді түрлі мақсатта қолданып жүрміз. Олардан тіске арналған протез бен хирургиялық жіп жасалады.
Косметикалық заттар мен түрлі әтірлер
Косметика – мұнай патшалық ететін әлем. Түрлі косметикалық құралдарың пластиктен жасалған қаптамасы мен құрамындағы заттардың барлығы мұнай шикізатынан жасалады. Косметикалық заттар үшін қолданылатын мұнай шикізатын мұнайдың тереңдегі өндірісінің нәтижесінде алынады. Ал әтірлердің құрамында кездесетін индол, дефенил эфирі әтірге хош иіс береді.
Жоғары технологиялық киім
Ендігі болашақ технологиясына тоқталамыз. Бәлкім спорт жұлдыздарының тез кеуіп қалатын ерекше жейдесі туралы естіген боларсыз? 2016-2017 жылдары ресейлік «Зенит» футбол командасына ұсынылған спорт киімі қайта өңделген полиэстерден тігілген. Әрбір киімге шамамен 16 пластик шөлмек жұмсалыпты. Жалпы дүние жүзі бойынша маталардың 40 пайызында мұнай кездеседі.
Көз алдыңа виртуалды әлемді әкелетін шлем
Мәскеу мен Омбыдағы ірі мұнай өңдейтін зауыт үйлесімді материалдар шығарады. Өз кезегінде олар VR-шлем жасауға қолданылады. Демек мұнайсыз киберспорт ойындарын да елестету мүмкін емес.
Сағыз
Мұнай негізінде жасалған тағамдық заттар да бар. Олардың бірі – сағыз. Сағыз созылғыш болуы үшін, өндірісте талшық, стеарин қышқылы, глицерин және басқа да заттар қолданады.
Гаджеттер
Егер 90-жылдар жастарына мақтан үшін сағыздың өзі жеткілікті болса, жаңа мыңжылдықтың жастары түрлі жоғары технологиялы гаджеттерді армандайды. Мысалы имек экранды смартфон немесе 3D-принтер. Аталған құралдарды жасау үшін де мұнай қажет. Біз қолданып жүрген смартфондардың құрастыратын заттардың 40 пайызы мұнайдан жасалады. Сонымен қатар мамандар әр компьютерді жасау үшін 11 литр мұнай жұмсалатынын айтуда.
Гитараның ішегі
Өнер саласы да мұнайсыз құрдымға кетеді екен. Себебі гитараның ішегі де мұнайдан жасалатын көрінеді. Аспаптың ішегі қайта өңделген мұнайдан алынатын нейлоннан жасалады.
Баламалы қуат көздері
Адамдардың мұнайсыз өмір сүруі үшін ойлап табылған баламалы қуат көздерінің өзін мұнайсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Күннен қуатталатын батареяларды жасау үшін тонналаған мұнай қажет екен. Батареяны құрастырушы заттар мұнай шайырынан, ал пластмасса бөліктері фотоэлектрлік элементтерден жасалады.
Ғаламшар бетінде жүре алатын құрылғылар
Әйгілі ғаламашар бетінде жүргіш Curiosity полипропилен негізіндегі заттардан жасалмағанда, Марс бетінде бір метрге де жылжи алмайтын еді. бұл материал мұнайда өңдеген кезде синтезделу арқылы алынады.