Burahan Daqanov-тың Фейсбуктегі жазбасынан
Burahan Daqanov-тың Фейсбуктегі жазбасынан

"Мен өлсем - елдің шетіне, аяғымды жау жаққа қаратып жерлеңдер, өлгенде де жауды аяғыммен тіреп жатайын" деп өсиет айтады екен баяғы батырлар. Сондай өсиет айтқан бір батырға балдызы айтыпты "Өлген адам жауды қалай тоқтатады, елден жырақта не бар. Осы жерде мола көп, соған домалата саламыз" деп. Сонда батыр мырс етіп -" Жауды тоқтататын мен емес, менің артымда қалған ұрпақтарым. "Осы жерде бəлен деген бабамыз жатыр, сондықтан бұл жер біздікі. Бабамыз жатқан жерді жауға таптатпаймыз, біз де өлгенде осы жерге жатуымыз керек" деп талпынады. Ал егер ұрпақ ата бабасын ұмытса онда қай молада қалғаның кімге керек" деген екен...
---
Бөрілі Байрақтан алынды

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 2631
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167