Дәулетбек Байтұрсынұлы: "Өз" және "Бөтен" немесе өзгерген "Жиілік"
Дәулетбек Байтұрсынұлы: "Өз" және "Бөтен" немесе өзгерген "Жиілік"

Кез-келген Адам--радио қабылдағыш. Сырттан келе жатқан толқынмен ішкі толқын сәйкескенде ғана 106,5 сөйлей бастайды. Қалауы болғанда ғана өзіне керекті сөзді тыңдайды. Құштары болғанда ғана қажетті ән-күйге назар аударады. Ұнатпаған нәрсені ешқашан өзіне жақын жолатпайды. "Бүгінгі жастар қазақша кітап оқымайды, радиодан қазақша ән-күй тыңдамайды, ұлағатты шешендік сөздерге қызықпайды. Шетелдің түсініксіз музыкасына құмар, жұлдыз десе жылап көріседі... Әнеу күні жас қыздар жылап, таласып, төбелесіп масқара болыпты" деп жатыр. Иә таңғаларлық ештемесі жоқ... Біз оған олай бол, бұлай бол дегенге болмайды. Себебі сол "радиолардың"(адамдардың) ішкі жіиілігі түбірінен өзгертілген. Біздер оны менталитет деп жүрміз. Оның қабылдайтын жиілігі, толқын ұзындығы әлдеқашан басқа жиілікке, "хх" ке апарып қойылған. Оның миында қабылдауға тиісті ұлттық жиілік жоқ. Жүрегінде қабылдау антеннасы алынып тасталған. Яғни "Өз" деген стансия қиратылып, "Бөтен" деген стансия жұмыс істеп тұр. Ол мың жерден қазақтың отбасында тусада, ата-бабасы қазақ болсада, ендігі жерде қазақ емес, "Өз" өлген, "бөтен" бөртіп тұр. Басыңды тауға ұр, тасқа ұр... Бұл ұрпақтан хайыр жоқ. Ең өкініштісі, бұл жазбамызда оларға бөтендерге жетпейді. Мінеки сіз оқып отырсыз... "өзіміз" ғана өкініштің батпағында бұлқынамыз. Қағушысы мықты болса, киіз қазық жерге кіредінің дәл өзі болып баяғыда "кеңестер одағының" саясаты түбірінен сатып алған. 25 жылдан бері бұл жағына назар аудармағандықтан тәуелсіздіктің қарсаңында туған бүлдіршіндерімізде "бөтен" жиілікпен ержетті. Сондықтан ағыл-тегіл жылап ұятсыздыққа именбей барды. Енді келіп сынаймыз... Бізде "бөтенді" "өзге" айналдыратын қуат барма? Болса қайда? Бір жылдығын ойлағандар астық егеді, жүз жылдығын ойлағандар ағаш егеді, мәңгілігін ойлағандар ұрпақ тәрбиелейді. "Мәңгілік Ел" болу ақшамен, жұдырықпен, жердің кеңдігі, байлықтың батпандығымен болмас сірә!.. Санадағы жиілікті өзгертіп "ремонттайтын" Мастер қане? Бізде Радио жасайтын завот жоқ.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2779
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167