Енді кімнің қатынымын?
Енді кімнің қатынымын?

Осы бірнеше күннен бері дау болып жатқан мәселені Мұхтар ШЕРІМ мысқылдап жазған екен. Былай жаман емес. Расында солай ғой. 


Қалай кіріп кеткенімді білмеймін... Перашкі же–еп отырғанмын, бір жігіт келіп жымиды, жылтырады, жымысқыланды, қойшы не керек, сол жігітпен бірге намаз оқып жүріп, төсегіне құлай кетіппін.. Кейін білдім ғой, радикалды ислам ағымына түскен жігітке күйеуге шығыппын. Өзім де осы ағымға ағып барып, басыммен күмп ете сүңгіп кетіппін. Бір күні намаз оқып болғанымда, күйіп кеткір күйеуім:
– Әй, қатын, мен сенен жалықтым, талақ! – дегені. «Қатын» деген сөзді бірінші рет естуім, жаным кіріп қалды. «Ойнап айтып отырған шығар?» деп ойладым. «Қойшы, Намазбек, ойнамасай..» – деп құлағынан тартып ойнадым. Сөйтсем, шыны екен, досына ызбандады. Досы Тақиябек жетіп келді. 
– Алдымен атың керек! – деді.
– Гүлмәриясәлиманұр – дедім Намазбек жамап берген есімдерімді әрең айтып.
– Ия, маған қатын керек! –деді ол. Амал жоқ, қатын болдым. Күйеуімнің досына. «Өлә, өстіп жүріп жәлеп болып кетпесем жарар еді..» деп екінші күйеуіме айтып едім, «Некеміз қиылды ма? Қиылды. Демек, сен халал жезөкшесің!» дегені... Жаман ұялып кеттім тегі... Әсіресе, «жезөкше» дегеніне.. Тым болмаса, «темір өкше» десе де болады ғой, алтын өкше демей–ақ қойсын... Бір күні Тақиябек:
– Ыржима! – деді. Ыржимадым.
– Қылжима! – деді. Қылжимадым.
– Бетіңді қасыма!
– Қасымайын...
– Сен менің қатынымсың!
– Ия, қатыныңмын, отағасы.
– Әйел емессің деймін, қатынсың!
– Ойбай, қатынмын, қатынмын!
– Ойбайламай, көңілді айт!
– Ха–ха–ха! Мен қатынмын! Рахат қатынмын! Халал қатынмын!
– Талақ, талақ, талақ!
Осы сөзден жүдә жаман қорқамын.
– Ойбай, тағы не болып қалды? –деп сұрадым мен.
– Қылығың жоқ екен...
– Кірпігімді қағып жіберіп, жымсиып отырмын ғой? Одан басқа қандай қылық керек?
– Төсекте түшкіре береді екенсің...
– Өзің ғой, қасымда насыбай атып жатасың...
Өлә, өстіп жүріп жәлеп болып кетпесем жарар еді... Ол мені Сақалбай деген досына табыстады. Соның қатыны болдым... Ол бір жыл өтпей жатып Шолақбай Дамбалов деген досына талақтады. «Қойшы, күйеуге тие беруден жалығып кеттім!» десем де, тыңдамады. Екі жасар ұлымның кімнен екенін де білмеймін. «Общий бала» деп қоямын ішімнен... Шолақбай да шарт кетті:
– Досым қатын іздеп жүр еді...
– Бармаймын...
– Барасың! Оның планшеті бар...
– Бармаймын...
– Барасың, жүз ешкісі бар...
– Талақ, талақ, талақ!
Амал жоқ... Соның қатыны болдым... Атын да білмеймін. Атының керегі де жоқ... Қойшы не керек, бес жыл ішінде тоғыз күйеуге тиіппін... Өлә–ә, енді кімнің қатыны болады екенмін–ей?

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 жыл бұрын 7125
16 пікір
  • көзқаман кім? мәңгүрт кім? Өз ұлтына ешкікөзденіп қарайтын сәлафшылар
    9 жыл бұрын
  • Осыншалықты ессіз, ақымақ әйелдер бар ма?...
    Бар болса мен басқа әлемде өмір сүріп жатыр екенмін.
    Әрине сынақты беретін Алла, Алла бірақ сынақты сабақ алсын деп береді күнә үстіне күнә жамасын деп емес. Бір еркектен соң қашып кетпей, тәубеге келмей ары қарай күнаға бату дегенге сөзім жоқ.
    Әйел басымен мұндай арсыздыққа, тағы да шариғатты жамылып баруды менің миым қабылдай алмайды.
    Алладан тура жолдан тайдырмасын деп тілейік.
    Әйел бұзылды дегенше қоғам бұзылды деңіз. Қызға қырық үйден тиым.
    9 жыл бұрын
  • айтар сөзім жоқ, Алла сақтасын!
    9 жыл бұрын
  • Алмас Алматов жалпы сөздің үш табы болады дей келе, соның екіншісі естуге болғанмен айтуға болмайтын сөз дейді, ол дегеніміз біреудің қызы байсыз бала көтеріпті, ұлы әкесін сабапты дегендей арсыз дүниелер. Үйбай-ау, оны қалай айтасың? Ұлың мен қызың естісе не болмақ? Құлағына сөзін ала келген жамандық сүзгісі болмаса кісінің кеудесіне өзін ала кіремек. Жамандықтың жайылуы оны айтудан екен. Елге тарап, жаманшылықтың дәнін көбейтеді ғой. Айтуға болмайтын сөз дегеніміз осы. (namys.kz)

    9 жыл бұрын
  • Сананың жоғалғаны ма санасыздардың басынғаны ма? Надандық!
    9 жыл бұрын
  • Айшынар Шомишбай сиздин пикирге косыламын. Надан адам айтатын созди ислам сайтына жазган адам онбайды. бул сиздерге караван газети емес! Жане кокыс жашиги емес!
    9 жыл бұрын
  • фирдаус, не еркек не әйелдің аты емес, сізге қалай кім деп және қалай тіл қатарымды білмей отырмын. Бүркеншек атпен жасырынып, арандатуыңызды қойыңыз. Біріншіден, бұл блок. Әркім аузына келгенін емес, ойындағысын жазады. Қоғам дертімен осылай күресу керек. Ашықтықтың да әрине шегі болады. Оны қадағалап отырған сайт қызметкерлері бар, Екіншіден, заңға және діни әрі әдеп нормаларына қайша келмеуі керек, ауруын жасырған өледі дейді қазақ, сәлафшылдық жегі құрт болды қоғам тәніне түскен. Ақпарат заманында ештеңе жасырын қалмайды. Қайтакенде де жат ағымдарды қазақ даласынан да, қаласынан да ит қосып қуу керек, Ұлтты ірітпесі үшін
    9 жыл бұрын
  • жабықтан сығалап, ши жүгірткеніңізді қойыңыз, ұят болады
    9 жыл бұрын
  • үндемеген үйдей бәледен құтылады деуші еді, үндемеген сайын балақтан өрмелеп басқа шығатынын да ұмытпаған жөн, керісінше, үндемеген үйдей бәлеге тап болатын заманда өмір сүріп жатырмыз. жуас түйе жүндеуге жақсы деген де бар, ашып айтпасаң, ойларына келгенін істейді надандар
    9 жыл бұрын
  • Сол қыздардың іздеуші Әке, Ағалары қайда екен! Қызымды кімге бердім қазір қайда дейтін! Ол қызда талақсын анаған тиесін десе робот сияқты тие бермей жоқ деп айта алмайма! 1)Іздеушілерінен кінә қарамағаны үшін. 2) Сондай жағдайға түскен қыздар дұрыс Исламмен танысу керек кейін неке құру керек! Болмаса дені сау қыз болу керек! Қанша жерден салафи болсын басқа топ болсын Таза ақылмен жауап беру керек білімініз болмаса олардың зиянына! Апалары қарындастарым сендер қазақтын абыройысындар гой Некеге дұрыс қарай алмайтын жігіт деп айтуға келмейтіндерге ЖООҚ құры кет деп жауап беріңдер!
    9 жыл бұрын
  • Блогти бар ашып билгеним сол!компютерди жаксы билмеймин..Мен жабыктан сыгалаган жокпын,буркеншек емес ,атым солай, айел кисимин,менде оз ойымды айтып отырмын ,буреудин атынан болмаса биреудин созин сойлеп емес!радикал топ бар екени рас, ондай нарсени жасайтындар бар екениде рас(астахфиралла) олардын ауылы мусылмандыктан ари.ондай адамдар динимизге сонша дак тусиреген, соларды исламды устанган мусылмандар депте айтуга ауыз бармайды.оларды ислам радикалдары емес ибилистин шабармандары, адаскандар деу керек.асыл динимиздин атын бул жерге коспайыкшы агайын! Букил батыстын баспасоздеринде исламды кекетип-мукатып. Мусылмандар терористтер дейди.одан калды мынандай адам айткысыз нарселерди исламга тенейди. Енди мине озимиз озимизди маскаралаудамыз! Биреу отыр халял-протитуция по казахски деп анда макала жазып уят емеспа. Менин орыс коршим бар сендерде осындай бар екен гой деп сурак кояды, ашудан булыгасын мен айтам олардын исламга еш катысы жок деп.дурыс айтасыз ондайладын козин жою керек! Тек осы проблема биздин динимизде бар деп атай кормениздер!осы такырыпты жазган адам онбайды деп катты кетсем ренжимениз. Менде ойладым осыны жазган адамнын ози арандатушыма деп. Оиткени осы проблема ащыда болса шындык бизде исламда бар деген адам катты кателеседи.тагыда айтам оз ойымды бул сайтта тек танымды дуние болу керек!
    9 жыл бұрын
  • Оз балелери оздеримен кетсин,ондай еркек айелдер ары журсин бизден! Алда-жалда ондай созди ести калсаныз,болмаса куа болсаныз тикелей шара колдану керек,ойткени олар исламды буркенип алып али талай ылан салатыны акикат! Алла баршамызга тура жолда журуди насип етсин,кате-куналарымызды жарылкасын!
    9 жыл бұрын
  • Мораль полициясын құратын кез келген-ау деймін. әйтпесе бұл сұмдық дінімізді бұзып бітірер
    9 жыл бұрын
  • Мына жасаған әрекеттерді емес, тіпті мақаланың атын атауға аузым бармай отыр. Бүгінде солғын саясаттың тепірішінен ес жияр халге қадам жасап келе жатқанда, мынау "мал құлағы саңырау демекші" буынға пышақсыз салынған соққы болды. Бара -бара имансыздықтың кебінін киіп, еліміз құрдымға кетпесе жарар еді. Себебі бұл тексіздіктің бастауы. Ол дегеніміз жеті атаңды білмеу, дүбара күй кешуді білдіреді. Сондықтан да дініміздің діңгегін және бесік тәрбиесін берік сақтау үшін бұндай имансыздарға заңмен шектеу қою керек.
    9 жыл бұрын
  • заңмен тыйым салу қажет
    9 жыл бұрын
  • Өте орынды пікір! Біздің зиялы қауым қайда қарап отыр.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167