Фастфудтың тағы бір зияны табылды
Фастфудтың тағы бір зияны табылды

Бонн университетінің ғалымдары «батыстық диета» иммундық жүйеде инфекция кезінде пайда болатындай реакция туғызады деген қорытынды шығарды. Өйткені онда май мен көмірсу көп. Соның кесірінен созылмалы қабыну, диабет және артериосклероздың қаупі күшейеді. Бұл туралы MedicalXpress сайтында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Мамандар тышқандарға сараптама жасады. Оларға бір ай бойы жасушасы аз, бірақ калориясы жоғары тамақ берілді. Нәтижесінде, кеміргіштердің ағзасында қабыну пайда болып, қанында түйіршікті жасуша мен ақ қан жасушалары (лейкоциттер) көбейеді.

Сонда көмірсуы мен майы көп тамақ мидағы қантүзу жасушаларының арнайы гендерін (жасушалардың жетілуіне және тіннің өсуіне жауап беретін ДНҚ) белсендендіреді. Кейін тышқандарға кәдімгі тамағын бергенде қабыну жойылады, бірақ төрт аптадан кейін тиісті гендер тағы белсенді бола бастайды. Яғни, майлы тамақты қойғаннан кейін созылмалы аурумен күрес жалғаса береді.

Зерттеушілердің айтуынша, майы мен көмірсуы аз диеталар артық салмақтың алдын алып қана қоймай, созылмалы аурулардың да қаупін жояды.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 3074
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167