ФОБИЯНЫ ЖЕҢУДІҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ (ВИДЕО)
ФОБИЯНЫ ЖЕҢУДІҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ (ВИДЕО)

Түркияда жаңа технологиялардың көмегімен адамның түрлі нәрселерден қорқу (фобия) сезімін жеңу ісі қолға алынды. İdeasis фирмасы фобияны енді жаңа технолоиялармен де емдеуге болатынын айтуда. «Кімнің не нәрседен фобиясы болса, оны сол дүниелермен виртуалды әлемде бетпе-бет кездестіріп, бойындағы қорқыныш сезімін басуға болады» деп есептейді олар.

Хажеттепе Университеті, Технологиялық трансферлер орталығы атындағы жобаның академиялық кеңесшісі доктор Седат Ышыклы Фобимен күрес жобасы аясында сандық технологияларды қолдану арқылы осындай бір құрал жетілдіргенін тілге тиек етті.

«Фобияны емдеу үшін енді хайуандарды сеанс бөлмесіне әкелудің қажет жоқ. Бұл хайуандардың ен технологиялар «алып келеді». Экономикалық жағынан да тиімді. Уақыт үнемдейді әрі жаңа мүмкіндіктер береді. Ит пен мысыққа фобиясы барлар әр сеанс үшін ит-мысық әкеліп жатпайды. Сеанс сағаты да азаяды. Дәстүрлі әдіспен орташа 10-12 сеанста емделген кісілерді бұл технологиялар арқылы 2-3 сеанста емдей аламыз», - дейлі Седат Ышыклы. 

Ihsan.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 3213
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167