Француздар қыранмен дрон аулап жүр (видео)
Француздар қыранмен дрон аулап жүр (видео)

Француздар терроризмге қарсы күреске бүркітті пайдалана бастады. Олар дрон, бейнекептер (коптер) секілді ұшатын құрылғыларды ұстау үшін бүркітті балапан кезінен бастап осындай техникаларды ұстауға баули бастаған. 

Қазіргі уақытта Францияның әуе күштерінде әйгілі «Үш ноян» киносының кейіпкерлерімен аттас - Артаньян, Атос, Портос, Арамис атты төрт бүркіт қызмет атқарып келеді.

«Қанатты батырлардың» қызметі үшін әскери қызметкерлер оларға еттен «сыйлық» беріп отырады.

Қыранмен дрон аулаудың тиімділігін байқаған Франция парламенті бүркіттердің санын көбейтіп, оларға жағдай жасау үшін арнайы қаржы бөлдірген.

Аң аулауда адамның айнымас серігіне айналған бүркіт жоғары технологиялық жетістіктерді меңгеруде де достығын сақтап қалды.

 

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2775
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167