Ғалымдар артық салмақтың артықшылықтары туралы айтты
Ғалымдар артық салмақтың артықшылықтары туралы айтты

Семіз адамдар өздерін арық адамдарға қарағанда бақыттырақ сезінеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. 

Бристоль университетінің ғалымдары 37 мен 73 жас аралығындағы 500 мыңнан астам британдықтың мәліметтерін зерттеген. Бұл туралы The Independent жазады.

Мамандар байқағандай, семіз адамдар арық адамдарға қарағанда сабырлы болатыны анықталған.

«Генетикалық тұрғыдан семіз болатындар аса күйбелектенбейтіні анықталды», - дейді медициналық жазбаларға сүйенген олар.

Зерттеушілердің пікірінше, тамақтануын үнемі қадағалауға тырысатындар теріс эмоцияға ерік беруге бейім болады. Ал, өзіне еш шектеу қоймайтындар психологиялық тұрғыдан берік келеді екен.

Алайда дәрігерлер семіздік адамдарға психологиялық тұрғыдан жақсы әсер еткенімен, артық салмақ жүрек ауруларына, жоғары қан қысымы мен диабетке, инсульт алу қаупін де жоғарылататынын айтады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 2625
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167