Француз ғалымдары қандағы "жаман" холестериннің көлемін төмендетіп, инсульт пен инфаркт қаупін 15 пайызға азайтатын алирокумаб препаратын жасап шығарды, - деп хабарлайды MedicalXpress сайты. Алирокумаб адамның өмір жасын да айтарлықтай ұзартады. Бұл дәрмек PCSK9 ингибиторлар классына жатады, ол иммунды жүенің бауырдағы өзгеше ақуыздарға шабуыл жасауына ықпал ететін моноклоналды антидене. Бұл дәрмекті екі жыл қабылдаған "жаман" холестерині жоғары адамдарда ерте қайтс болу қаупі 29 пайызға азайған. Холестерин бұл майлы спирт, ол қан құрамында түрлі липопротеин түрінде болады. Тығыздығы төмен липопротеиндер тар қан тамырларын бітеп, жүрек қан-тамыры жүйесінің қызметін нашарлатады. Оның құрамындағы холестерин "нашар" деген атау алған. Ал Тығыздығы жоғары липопротеиндер "жақсы" холестеринді тасымалдаушы болып келеді, ол атеросклероз, инсульт және жүрек талмасының қаупін төмендетуге септеседі.
Ғалымдар өмірді ұзартатын препарат ойлап тапты
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.