Ғарыш сапары адамның ДНК кодын ауыстырып жібереді
Ғарыш сапары адамның ДНК кодын ауыстырып жібереді

Ғарышқа сапар шегіп, бір жыл бойы кеңістікте уақыт өткізген ғарышкерлер өз көзқарасын ғана емес, ДНК кодын да өзгертеді. NASA зерттеулері екі жыл бұрын жерге оралған Скотт Келлидің ағзасын зерттеп, оның ДНК кодының 7 пайызға өзгергенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті CNN басылымына сілтеме жасап. 

Скотт Келли 1 жыл бойы Халықаралық ғарыш станциясында тіршілік еткен, ал оның егізі Марк Жерде қалыпты.

Егіздердің ДНК коды бір жыл бұрын бірдей болса, қазір өзгеріп кеткен. 7 пайыздық өзгеріс енді 5 биологиялық жол және функциямен тағы да өзгере бермек. Ғалымдар Скоттың ағзасындағы метаболит, цитокин және ақуызды үнемі бақылауда ұстаған. Ғарыш сапары оттегі депривациясымен, тағамдану ерекшеліктерімен ағзаға өзгерістер енгізген.

Егіздердің ағзасын зерттеу арқылы НАСА Халықаралық ғарыш станциясымен бірігіп, ғарышта өмір сүру мүмкіндігін анықтауға тырысуда. Ендігі кезекте ғалымдар Марс ғаламшарының адам ағзасына қолайлылығын зерттейді.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3925
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167