Imaginactive ұйымының мамандары ғарыш пойызының жаңа концепциясын таныстырды. Ол болашақта өте қатты жылдамдықта Күн жүйесінде еркін түрде жүктер мен адамдарды тасымалдай алады делінеді, - деп хабарлайды "tengrinews.kz" порталы "Вести.Ru" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Ғалымдардың ойынша, "Солнечный экспресс" алты цилиндр бөлімінен тұрады, ол жылдамдықты асыруға септігін тигізеді. Концепция бойынша негізгі жолдың бойында күн сәулесі арқылы қуаттайтын пойыз бекеттерін салу жоспарланған. "Солнечный экспресс" фантастикалық жылдамдықпен қозғала алады - 3000 шақырымды бір минутта жүріп өтеді.
"Ғарышта саяхат жасайтын пойыздың ең қымбат бөлшектері жылдамдықты арттыру және бәсеңдету жүйелері болып табылады. Жүгі бар пойыздың осындай жылдамдықпен қозғалуы көп қуатты қажет етеді", - дейді жоба авторларының бірі Чарльз Бомбардье. - Құрылғы крейсерлік жылдамдыққа жеткенде, қуатты пайда азая түспек".
Ғарышқа адам таситын пойыз Марсқа 37 сағатта жетеді (фото)
Қазіргі таңда ғарыш кемесі Айға жету үшін бірнеше тәулік ұшады. Ал Қызыл планетаға бару үшін кем дегенде жарты жыл жұмсайды. Imaginactive ұйымының мамандары ғарыш пойызының жобасын таныстырды. Транспорт болашақта галактикаға адам мен ірі көлемдегі жүктерді тасуы мүмкін.
Фото: Imaginactive
Бұл туралы "Stan.kz" порталы "vesti.ru" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ғалымдардың ойы бойынша пойыз алты ірі цилиндрлі бөліктен тұрады. Әрқайсының ұзындығы – 50 метр. Ғарышқа сапар шегудің алғашқы кезеңінде пойыз зымыран қозғалтқыштары арқылы көкке самғайды.
Сонымен қатар, аппарат ғарыш кеңістігіне шыққан соң жылдамдықты “тегін” арттыратын гравитациялық маневр жасауы да мүмкін. Тұжырымдамаға пойыз бекеттерінің негізгі жолы, күн батереясынан алынатын энергия да енгізілген. Нәтижесінде “Күн экспресі” минутына 3000 шақырымды артқа тастап фантастикалық жылдамдық көрсетуі ықтимал.
“Ғарышқа саяхаттаудың ең шығын келтіретін тұсы жылдамдықты арттыру мен тежегіш мәселесі. Бортында үлкен жүгі бар ғарыш аппаратын қозғалту үшін өте үлкен көлемде энергия қажет”, – дейді жоба авторларының бірі. Ал аппарат дағдылы шапшаңдыққа қол жеткізген кезде, энергия тұтыну көлемі азаяды.