Жалғызбасты ана ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді (фото)
Жалғызбасты ана ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді (фото)

АҚШ мектептерінде «оқушылар мен әкелерінің кездесуі» атты арнайы шара өткізіледі. Аталмыш шара оқушылар мен олардың әкелеріне арналған.

14225622_1233150956736066_6232468909629961335_n

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Техас штатының тұрғыны Ивет Васкез бұдан хабарсыз болған. Бірінші қыркүйекте ұлы Элайджа оқитын мектепке келген жалғызбасты ана мектеп ауласынан тек ер адамдарды көрген. Мән-жайды білгеннен кейін Иветтің ойына керемет идея келді. Тез арада үйіне қайтқан ол ер адамдарша киініп, мұрт жабыстырып, қайтып келді. Мұндай қадамға жалғыз басты ана ұлына әкесін жоқтатпау үшін барып отыр.

Безымянный

Көп ұзамай Васкез жаңа образдағы суретін желіде жариялаған. Жалғыз басты әйелдер қауымы оны қолдап, баланы жалғыз тәрбиелеудің қаншалықты қиын екендігін түсінетінін тілге тиек еткен. Ал Васкездің өзі болса, мектепте «оқушылар мен әкелердің кездесуінен» бөлек «толық емес отбасыларға» арналған шаралардың өткізілуі керектігін басып айтты.

14183850_1233150696736092_350626298978498162_n14203170_1233150793402749_3095059274915970727_n

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2984
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167