Жапониялық өнертапқыштар ай бетінде жүре алатын жаңа құрылғы ойлап тапты. Мұндай техниканы құрастыруға Google мен X Prize компанияларының ұйымдастырған сайысы себеп болған. Жаңа аппаратқа қойылатын басты талап – үшеу. Құрылғы айға жайлы қонып, оның бетінде 500 метр қашықтықты жүріп өте алатындай болуы керек. Оған қоса, түрлі суреттер мен бейнероликтерді сапалы жазып, жерге жібере алатындай болуы керек. Жапондар құрастырған аппараттың салмағы небәрі 4 келі, ал ұзындығы мен ені 36 сантиметрден кем түспейді. Жаңа технологиялар сайысына АҚШ, Израиль, Малайзия, Германия және Жапония сынды 16 елдің өкілі қатысқан. Барлық талапқа сай құрылғыны ойлап тапқан жеңімпаз топ 20 миллион АҚШ доллар сыйақы алады.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."8 ай бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."8 ай бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."9 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."9 ай бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."9 ай бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."9 ай бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.