Біздің ауылға баратын 344 деген автобусқа отырған сайын бір қызық болады. Өткенде автобусқа кірсем артымнан бір қысқа балақ, сақалды жігіт кірді. Әлгі жігітті көрген бір аға:-"Әй! Бала, бері кел,"-деп шақырып алып, не үшін жап-жас болып сақал өсіргенін сұрап жатыр. Содан, ағамыз оталып кетті.
-Жазықсыз адамдарды неге өлтіресіңдер? Мұсылман деген бұлай істеуші ме еді?-деп әлгі жігітке ұрсып жатыр. Жігіт:
-Әр адам өзі үшін жауап берсін,-деп қояды. Сосын аға жігіттің мәсхабын сұрады. Жігіт:
-Жоғарғы жақтағылар қай мәсхабта болса, мен сол мәсхабтамын, - дейді.
-Ал жоғарғы жақтағылар қай мәсхабта? Жоғарғы жақтағылардың мәсхабында болсаң маған бір миллионыңнан бөліп берші? Жоғарғы жақтағылардың мәсхабы ақша. Басқа ештеңе емес!-деп салды.
Өткенде тағы бір осындай жағдай болған. Бір апа сақал өсірген жігітке қарап: -"жазықсыз елді неге қырасыңдар?" - деп ұрсып, әлгі жігіт: "мен емес ол, мен емес қой ол" - деп тыпыршып қалған. Елдің алайып қарағанына шыдай алмай, жас жігіт бір орнында тұра алмай, тыпыршыды да тұрды.
Балжан Қалақова
Facebook-тегі парақшасынан