Көлігіңізді тұраққа қойғаннан кейін ерінбей, міндетті түрде көлік есіктерінің тұтқасын қарап шығыңыз. Себебі, қазіргі ұрылар жаңа әдіс ойлап тауыпты. Яғни, есік тұтқасына тиын қыстырып қояды. Сіз оны қашықтықтан пульт арқылы жауып кете барасыз. Бірақ, әлгі тиын қыстырылған есік жабылмай қалады. Одан соң оны суық қолды ұры келіп қиналмай ашып, ішіндегі дүниенің түгін қалдырмай ұрлап кетуі мүмкін. Көлігіңізді ішінен оталдырып, айдап кетуі де ғажап емес.
Көлігіңіздің қауіпсіздігін ойласаңыз, әрқашан есігін тексеріп жүріңіз. Қиын болмаса тарата салыңыз, жақындарыңыз да біліп жүрсін!
storyfox.ru-дан алдым