«Сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ» дегенге келісесіз бе? Кез келген жағдайда мамандардың кеңесіне жүгініңіз.
Көлік пен коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға халықаралық медицина қорының мамандары жауап берген екен.
1. Қазір қоғамдық көлік немесе таксимен қатынау қауіпті ме?
- Әрине, қазір адамдар көп шоғырланған орындарда болу қауіпті. Оның қоғамдық көліктерге де қатысы бар. Бірақ, олай болды екен деп даурығудың да қажеті жоқ. Тек 60 жастан асқан (әсіресе созылмалы аурулары бар) және иммунитеті әлсіз адамдар сақтық шараларын қатаң қолданғаны дұрыс. Себебі, бұл санаттағы азаматтардың организмінде ауру түрлерінің даму қаупі әлдеқайда жоғары.
2. Коронавирус автокөлік салонында қанша уақыт тұрады? Егер бір апта қолданылмаса, өздігінен жойыла ма?
- Вирустың оқшау жерде орташа өмір сүру мерзімі бір-екі күн. Вирус негізі рульде немесе беріліс қорабының иінтірегінде сақталады. Одан құтылудың ең негізгі жолы – алдын алу шараларын сақтау. Егер көлік жүргізгеннен кейін қолды сабындап жусаңыз, жұқтыру мүмкіндігі барынша аз болады.
3. Вирус жұқтырған таксист жөтелсе, артында отырған жолаушыларға жұға ма?
- Бұл жағдайда жұғу дәрежесі төмен болады. Дегенмен, сондай оқиғадан кейін бет пен қолды сабындап мұқият жуыңыз. Дені сау адамдарға медициналық маска кию қатты қажет емес. Егер сіз иммунитеті әлсіз қарт адам болсаңыз немесе көпшілікпен қарым-қатынас жасасаңыз (таксист, кассир, дәрігер) және адам көп шоғырланған жерде болсаңыз кию керек. Ал, үйде тағудың қажеті шамалы.
4. Мені жол полицейі тоқтатып, құжаттарды тексерді. Куәліктер арқылы вирус таралуы мүмкін бе?
- Жүргізуші куәлігі арқылы вирус жұғу ықтималдығы өте төмен. Дегенмен, қолға қолдың тимеуін ескеріңіз. Сондай-ақ, қолды үнемі жуып жүріңіз.
5. Кейбір таксопарктер қазір өз көліктеріне дезинфекция жасауда. Бұл шынымен тиімді ме?
- Менің ойымша, бұл такси қызметіне деген сенімді арттырады. Яғни, адамдар барлық таксилердің санитарлық өңдеуден өткенін білсе, психологиялық тұрғыдан ыңғайлы болады. Сонымен қатар, алдын алу шараларының пайдасы болмаса, зияны тимейтінін ескеру керек!
6. Ал маған көлікті дезинфекциялап, тым болмағанда сулықтармен рульді, беріліс қорабының иінтірегін және тұтқаны үнемі сүрту керек пе?
- Мен көлікпен жолға шығар алдында салонның барлық беттерін антисептикпен сүртуге кеңес берер едім. Ол вирусты жұқтыру қаупін төмендетеді.
Дайындаған: Б.Ерман, ERNUR.KZ