Күллі мұсылман баласы үшін киелі саналатын Мекке шаһарында қатты нөсер орын алғанымен, табиғат құбылысы кіші қажылығын өтеуге келген жандар үшін кедергі бола алмады. Жылына тек 3-4 мәрте ғана түсетін жауын-шашынның кейде осылай қатты нөсерге ұласып кететіні бар.
Алайда, қасиетті Қағбаны айналып, тауап жасаушылардың үсті-бастары малмандай су болғанынан қарамастан, құлшылықтарын асқан ыждаһаттылықпен орындап жатқаны көрінеді.