Мергендікті меңгеру үшін...
Мергендікті меңгеру үшін...

Мергендікті меңгеру үшін бір жігіт есімі елге әйгілі аңшыдан дәріс алып жүреді. Бір күні екі жебені алып, жігіт ұстазымен бірге тауға шығады. Нысанасын белгілеп берген аңшы жігіттің бір жебесін алады да, қақ ортасынан сындырады. Жігіт:
- Ұстаз, екінші жебені неге сындырдыңыз, - деп сұрады.
Сонда аңшы:
- Ол екіншісі емес, бірінші жебе. Пайдасы жоқ. Бәрібір нысанаға дөп тимейді. Өйткені, сен тағы бір мүмкіндігіңнің барын білесің. Сол себепті бұл жебеге барыңды салмайсың. Екінші жебенің жағдайы ерек. Өйткені, ол соңғысы. Бұл жағдайда сен мүлт кетпеуге барыңды саласың, - деп жауап беріпті.

P.S. Бар мүмкіндігіңізді соңғы жебені қолданғандай қолданыңыз. Сол кезде ғана мақсатыңызға жетесіз.

Гаухар Кабылбекова
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2855
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167