Намаз уақытында ұйықтап қалу
Намаз уақытында ұйықтап қалу

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларымен түні бойы бірге жүреді. Сосын сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, кішкене тынығып демалайық» - деп өтініш жасайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Намаз уақыты келгенде ұйықтап қаламыз ба деп қорқамын» - дейді. Сонда хазіреті Біләл тұрып: «Мен сендерді оятамын»  - дейді. Алла расулы тынығуға рұқсат беріп, барлығы аяқтарын созып, демалуға кіріседі. Кезекшілікте тұрған Біліл да арқасын түйесіне сүйеніп ұйықтап кетеді. Күн шыққан кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнынан тұрып: «Ей, Біләл, сенің сөзің не болды? - деп тіл қатты. Біләл: «Ешқашан ұйқы мені дәл осылай басқан емес еді» - деп жауап береді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала сендердің рухтарыңды қалаған кезінде алып, қалаған кезінде кері қайтара алады. Біләл, орныңнан тұр да намаз үшін азан шақыр» - дейді. Сосын дәрет алып, жамағатпен намаз оқиды. Қайтар жолда барлығы «намазымызға зиян жасадық» деп іштей өкінумен болды.

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ұйықтаған кезде намазды өткізіп алу – өткізіп алғанға жатпайды. Өткізіп алу ояу кезде болады. Қайсыбірің намазды ғапылдықпен өткізіп алса, есіне түскенде бірден оқысын» - деген.

       Хадиске мән беріп қарасақ, ең бірінші ескеретін нәрсе, сахабалар намазын ұйқы себебімен өткізіп алған кезде өте қатты қорқыныш, өкініште болғандығы. Ал нағыз қорқу керек нәрсе – намаз уақытын біле тұра, әдейі өткізу. Келесі намазға дейін оны оқымай, күтіп отыру.

http://mazhab.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2597
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167