НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕР КЕЗ КЕЛГЕН САЛАДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕР КЕЗ КЕЛГЕН САЛАДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Иә, жылдан жылға нейрондық желі әр түрлі саланы қамтып жатқаны рас. Жасанды ақыл, адамды алмастырады деген ойда қоғамда аракідік айтылып жүр. Замануи технологиялар біздің тұрмыс-тіршілігімізді жеңілдеткенімен, оның кері тұстары да жеткілікті екен. Қазір нейрондық желілер кез келген салада қолданылады. Олар біздің ұялы телефонымызға немесе мобильді қосымшаларларға жүктелген. Тіпті, қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары да адамның түрін нейрожелі арқылы тани алады. Қазір қызметтің бұл түрі Алматы қаласында жақсы дамып келе жатыр. Мәселен, жергілікті айти компаниялардың бірі шаһарда жолдағы қозғалысты компьютер арқылы көрсететін 10 мың камера орнатқан.

Нұрмахан Асылхан, IT- компания маманы: - Жүйе транспортты нөмерларын таниды біле алады, сонымен қатар графикті көргенде жүйе кесінде жол өтіп кетсе, пешеходты дұрыс өтпеген жағдайда осы нарушениені көре аласыздар. Қазір осы графикті қарап осы бетте көре аласыздар, адамдарға тек қана бір бетті қарауға болады. Сол жерге бүкіл оқиғалар жиналады. Біріншіден, біздің охранный фирмалар, қауіпсіздік органдарға мықты көмек беретін тәсіл.

Нейрожелілер кез келген ақпаратты қабылдап, оны өңдеуге қауқарлы. Нәтижесінде бірегей бейнероликтер мен суреттер пайда болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл жүйе кәсіби мамандарды алмастырады.

Виталий Пустовойтенко, "ASHYQ" мобильді қосымшасының авторы: - Бұл жерде әдеп мәселесіне тоқталып өту керек. Біз мұндай нейрожелілермен жұмыс істеуге қаншалықты дайынбыз? Оны қолданбас бұрын, алдымен жүйенің барлық тетігін зерттеп алған жөн деп есептеймін.

Бүгінгі таңда нейрожелі арқылы тек бейнематериал өңдеп қана қоймай, мәтін де жазуға болады. Соңғы уақытта қоғамда джипити деп аталтын чат жоғары сұранысқа ие. Ол кез келген сұраққа жауап беріп, ең қиын деген мәтіндерді адамның орнына жазып шыға алады.

Дмитрий Панченко, IT-компанияның коммерциялық директоры: - Жақын арада жасанды интеллект халық арасында көп қолданылатын болады. оған күмән жоқ. Джипити - өте мықты нейрондық желі. Бұл жүйені бірнеше мемлекет дамытып жатыр. Жаңа сала болғанымен, оның даму қарқыны таң қалдырады.

Алайда, кез келген прогрестің екніші жағы бар екенін ұмытпаған абзал.

Евгений Питолин, киберқауіпсіздік саласының маманы: - Қазір нейрожелілерді қолдану сәнге айналып отыр. Мысалы, студенттер дипломдық жұмыстарын жазғанда соны қолдана алады. Біз оны қандай да бір жұмыс жүргізгенде көмекші ретінде қолданамыз. Құжаттарды өңдейміз, суреттер жасаймыз. Дегенмен, көбі оның пайдасынан зияны көп деп ойлайды.  Ол адамзатқа қауіпті деген ойлар да бар. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Өйткені, нейрожелілерді болашақта бизнес ассистент ретінде қолдануға болады. Яғни, уақыт үнемдеудің арқасында, басқа да көп нәрсені үлгеруге болады.

Әзірге нейрожелілер адам еңбегін толық алмастыра алмайды. Бірақ, оны күнделікті өмірде көмекші ретінде пайдаланудың тиімді тұстары көп. Тек ақпараттық қауіпсіздік мәселесін естен шығармаған жөн.

Авторлары: Дариға Ташенова, С. Рахимбай, А. Горшняков

Дерек көзі: Site Logo

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 жыл бұрын 2067
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167