Неміс жігіт костюмі мен ноутбугын арқалап күн сайын жұмысқа дейін жүзіп барады (видео)
Неміс жігіт костюмі мен ноутбугын арқалап күн сайын жұмысқа дейін жүзіп барады (видео)

Мюнхеннің 40 жастағы тұрғыны Дэвид Бенджамин қоғамдық көліктен жалығып, оның орынын басқаша әдіспен ауыстырған.

Ол екі жылдан бері жұмысқа үйінің жанынан ағып жатқан Изар өзені арқылы жүзіп барып жүр. Ол өзінің костюмі мен ноутбугын су өткізбейтін арнайы сөмкеге салып алады.

Бенджаминнің айтуынша, суда жүзу оны жүйкенің шаршауынан құтқарып, сергектік сыйлаған. Ол жұмысына жетемін дегенше екі шақырым қашықтықты жүзіп өтуі тиіс. Ал шаршаған кезде сөмкесін матрасқа айналдырып, демалып алады.

Дегенмен ол әркез жүзу сәтіндегі өзінің қауіпсіздігін мұқият бақылайды. Әр күн сайын өзенге түспес бұрын, судың температурасы мен ағыс жылдамдығын тексеріп алады екен.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2567
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167