Патентті қалай алуға болады?
Патентті қалай алуға болады?

Патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.

Есеп-қисапты қағаз түрінде немесе электрондық түрде, оның ішінде <<электрондық үкімет>> веб порталы арқылы:

  1. Жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер – және кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;
  2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер – патент негізінде арнайы салық режимін қолдану айының 1 күніне дейін;
  3. Кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер – алдынғы патенттің қолдану мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.

Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнайы салық режимін қолдану басталатын күн болып саналады.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзгеде арнайы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін есеп-қисап тапсырылған айдан кейінгі айдың бірінші күні патент негізінде арнайы салық режимін қолдану мерзімі басталатын күн және патенттің қолданылу мерзімінің басталатын күні болып есептеледі.

Салық органы 1 жұмыс күні ішінде патентті беруге немесе патентті беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті. Шешім 2 дана ресімделеді, біреуі салық төлеушіге қол қойып беріледі.

Егер сіз патент негізінде қызмет атқаратын жеке кәсіпкер болсаңыз, бақылау-кассалық апаратты қолданбай, қолма-қол ақша қабылдауға құқылысыз.

Есеп-қисап патент құнын есептеуге арналған салық есептілігі болып есептеледі.

Патент құнына жеке табыс салығының (төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төлеуге жататын сомалары қосылады.

Патент құны төлеуді салық төлеуші есеп-қисап үсынуға дейін жүргізеді.

Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс етіледі.

Жеке кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.

            Патент негізіндегі арнайы салық режимін:

  1. Ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
  2. Ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған жеке кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруы үшін салық өтінішін орналасқан жері бойынша салық органына тапсырады.

Патенттің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнайы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, жеке кәсіпкерлер патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етеді.

            Бұл ретте:

  • Патенттің қолданылу мерзімінің соңғы күні патент негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтату күні болып саналады.
  • Патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн салық төлеуші таңдаған жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнайы салық режимі қолданыла бастайтын күн болып есептеледі.

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

  • Жеке кәсіпкерлер үшін: жеке кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса: салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса (2016 жылдың 1 қаңтарына 32 002 600 теңгені құрайды);
  • Заңды тұлғалар үшін: қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса; салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған деклорация негізіндегі арнайы салық режимін қолданады (2016 жылдың 1 қаңтарына 64 005 200 теңгені құрайды).

Салық кезеңі жарты жылдық болып саналады.

Мысалы талдап көрейік:

Біздің құқық хаттарын шығаратын шағын типографиямыз бар. Сіз бұл құқықтану хаттарын сатудан тоқсан сайын 10 000 000 теңге кіріс аласыз. Бірақ бұл кірісті алу үшін сіз бояуға, жұмысшыларға жалақыға, қағазға, жарнамаға, коммуналдық қызметтерге және тағы да өзге 9 000 000 теңге қаржы жұмсадыңыз, мұның бәрі құжатпен расталған, онда:

  • Егер сіз оңайлатылған деклорацияны таңдасаңыз кіріс соммасының (10 000 000 теңге ) 3 пайыз, яғни 300 000 теңге төлеуге тиіссіз.
  • Егер сіз жалпыға белгіленген режимді таңдасаңыз 10 000 000 теңгенің 10 пайыз (10 000 000 – 9 000 000), яғни 100 000 теңге төлеуге тиіс боласыз.

Арнайы салық режимін келесі қызмет түрлерімен айналысатын ЖК қолдануға құқығы жоқ:

  • Акцизделетін тауарларды өндіру;
  • Акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудалау;
  • Мұнай өнімдерінің жекеленген түрлерін – бензинді, дизелдік отын мен мазутты саудалау;
  • Лотарея ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотареяны қоспағанда);
  • Жер қойнауын пайдалану;
  • Шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
  • Металды және түсті, қара метал қалдықтарын жинау (дайындау),сақтау, қайта өңдеу және сату;
  • Кеңес беру қызметтер;
  • Бухгалтериялық есеп және аудит;
  • Сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызмет.
  • Құқық, заң және сот төрелігі саласындағы қызмет.

Жоғарыда кәсіпкерлік түрлері (шығын, орта, ірі) сипатталғанда көрсетілгендей, <<Жеке кәсіпкерлік туралы>> Заңының 6-бабында көрсетілген шектеулерді ұмытпаған дұрыс.

Ауыл (фермерлік) шаруашылығына арналған салық режимін қолдану

Біріңғай жер салығын төлей отырып, ауыл шаруашылығы мыналарды төлемейді:

  • Қосымша құн салығын;
  • Өздерінің өндірісінің ауыл шаруашылық өнімін тарату бойынша пайдадан кіріс салығын;
  • Жер салығын;
  • Нормативті қажеттілік шегінде транспорттық заттар мен мүлік салығын.

Арнайы салық режиміне таратылатын жұмыстарда қолданылатын жайылым, табиғи шөп шабу және басқа жер төлемі бойынша біріңғай жер салығын есептеу жер телімдерінің жиынтық бағалау құнына 0,1 пайыз  мөлшерлемесін қолдану жолымен жүргізіледі.

Арнайы салық режимі таратылмайтын жұмыс түрлерін жүзеге асыру барысында біріңғай жер салығын төлеушілер пайда мен шығынның жеке есебін жүргізуге және жалпыға орнатылған тәртіппен мұндай қызмет түрлері бойынша салықтық есеп және сәйкес салық төлемін есептеу, ұсыну жүргізуге міндетті.

Кеңес Нұрсайынов

 7kun.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 3057
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167