Қай елдің ер адамдары ерте өледі?
Қай елдің ер адамдары ерте өледі?

Ерлер өлімінің көрсеткіші бойынша Еуропа елдері ішінде Ресей көш бастап тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің зерттеу нәтижелеріне сүйеніп РИА Новости жазады. 

Ресейде ер адамдардың 43 пайызы 65 жасқа жетпей қайтыс болады екен.

Екінші және үшінші орындарда – Украина мен Беларусь. Бұл елдерде 65 жасқа жетпей өлетін ерлердің үлесі 40 пайыздан сәл ғана төмен. Өлім-жітім рейтингінің төртінші сатысында 37 пайызбен Молдова тұр, Литва – 36 пайызбен бесінші орында.

Ерлердің өмір сүру ұзақтығы бойынша «аутсайдер» қатарына Грузия, Әзірбайжан, Болгария, Венгрия, Румыния, Армения мен Эстония кірді.

Ең төменгі көрсеткіш Исландия мен Швейцарияда тіркелген. Мұнда ер адамдардың 10 пайызы ғана ерте көз жұмады. Швеция, Италия, Нидерланды, Мальта және Норвегияда да көрсеткіш осы шамалас (11 пайыз).

Қыркүйекте Ресей денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова 2017 жылдың бірінші жартысында елде өмір сүру ұзақтығы 0,63 жылға ұлғайып, 72,5 жасқа жеткенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ресейлік ерлер бір жылға ұзақ, яғни 67,5 жасқа дейін өмір сүретін болған. Ал әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 77,4 жасты құрады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 2689
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167