Қарапайым мұсылман болу үшін не кедергі?!
Қарапайым мұсылман болу үшін не кедергі?!

Журналист Есболат Айдабосын көтерген мәселе қазіргі күні аса өзекті. Ұлт, тіл, жер тақырыбымен қоса соңғы жылдары бұлардың қатарында дін мәселесі қосылғанын көріп те, біліп те отырмыз. Оқыған адам Есболаттың айтқанынан біраз дүние түюге тиіс. Бұл туралы kaz.365info.kz жазады. 

– Сәләфит, таблиx, гүленші, исматулланың сопысы, құранит, тәңірші болмай-ақ қарапайым мұсылман болу үшін не кедергі?! Шынымен де не кедергі?

Неге тып-тыныш намазды оқып, парыз, сүннетке сай амал қылып жүре бермейміз. Неге топ іздеп тұрамыз?

Ол топқа кіре салып неге келесі топтағы бауырлармен жауласа кетеміз? – дейді журналист.

Орынды айтады. Себебі, әр топтың өкілдері өз жолдарының туралығын дәлелдеу үшін келесі бір топтың өкілдерімен жаға жыртысады. Солай емес пе? Оны өмірдің өзі дәлелдеп отыр ғой.

– Өз жолыңның туралығын өзгеге дәлелдеу не үшін қажет? 2000-жылдардан бергі болған діни алаңдағы қақтығыстар қазағыңның дінге деген маxаббатын өсірудің орнына өшіріп жіберді деп ойламайсың ба?

90-жылдары сақал қойып, сәлде ораған адам көрсе «ассалаумаликум» деп қолын ала жүгіретін қазақ, неге қазір діндарлардан аяғын тартып, секемденіп тұрады?

Бұған кім кінәлі?  деген орынды сауал қояды бұл ретте Есболат Айдабосын.

Журналистің айтуынша, сопы-сәләфит соғысы, сәләфит пен құранидтер қақтығысы, гүленшілермен шарпысу, таблиxтарды тұқырту операциялары біреулер үшін сәтті аяқталған жоспар ғана.

– Иә, солай. Біреулер жеңіп, біреулер жеңілген болар. Жеңгендерді құттықтамаймын, жеңілгенге болыспаймын! Өйткені екі жақта да қызылкеңірдектеніп шауып жүрген өзімнің қарындас-бауырларым. Тек жаным ашиды. Әлі қанша алысасыңдар?! Шаршамадыңдар ма? Менімше, байқұс қазақты сендер шаршатып жібердіңдер!  деген ой түйеді Есболат Айдабосын.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 3452
1 пікір
  • BQ
    Ертен Киямет куни осы арекеттери ушин сурак барын, осындай топтардын кесиринен биреулер намаз Оки алмай, басы саждеге тимей кетседе, Астагфирулла, осы ушин сурак барын умытпайык!
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167