Қазақстан латын әліппесіне өтуден не ұтады?
Қазақстан латын әліппесіне өтуден не ұтады?

1] Қазақ тіліне орыс сөздерін қатесіз айту үшін кіргізген ч, ц, й, э, ь, ъ сияқты артық әріптерден арыламыз.

2] Бұл әріптік қысқару қазақ әліппесін жаттайтын бүлдіршіндерге оңайлық тудырады.

3] Әріп санының аздығы техникалық құралдардың пернетақтасын жүйелі қолдануға септігін тигізеді. Яғни енді біздің әріптер стандартты батырмалардың орнына сыйып, жоғарыдағы 2,3,8,9 сандарына арналған батырмаларды қазақтың і,ң,ғ,ү,ұ әріптеріне аранап бөлмеуге көмектеседі.

4] Орыс әріптерінен арылу, жас буынның орыс тілінен назарын қазақ тіліне аударып, таза қазақы акцентпен сөйлеуіне көмегін береді.

5] Орыс әріптерін танымайтын жас қазақтар ендігәрі орыс БАҚ тарын оқымайды және орыс империялық пропагандасының жетегімен жүрмейтін болады.

6] Бұл қадамымыз дамыған елдердің Қазақстанға деген қызығушылығын одан сайын арттырады. Және Қазақстанның сол елдердің қатарына енуіне жол ашады.

7] Заманауи технологиялар тілі - латын әліппесі. Барлық программалау тілдері латын әріптерімен жүргізіледі. Латын әліппесі қазақ инженериясының дамуын екі есе өсіреді.

8] Латын әліппесі Қазақстанның Түркия, Азірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты түркітілдес, бауырлас елдермен қарым- қатынасын арттырады.

9] Көшедегі жазулардың, кітаптардың латын әрпіне көшуі Қазақстанның Ресей ықпалынан алыстап, "шіріген", артта қалған менталитетінен арылуға үлкен септігін тигізеді.

10] Қазақстанда орыс әлемінің "құдыретіне" былғанбаған жаңа буын өседі. Олар бірінші кезекке орыстың емес, қазақтың мүддесін қоятын болады. 
Басқаша айтқанда алфавит бөлу - қазақ әлемін орыс әлемінен бөлетін қылыш. Латын әліппесіне толық өткен соң, біз қазақ тілінің құқын бұдан да қарқынды түрде қорғайтын боламыз.

Ең бастысы Қазақстан Ресей ықпалының күшін азайтады. Қазақтардың мыйын улаған орыс пропагандасы жас ұрпақтың санасына әсер етпейді. Ресей ең мықты, ұлы орыс халқына рахмет, қазақты адам қылған орыс деген ойлардан ада, құлдық санадан толық арылған, шын мәнінде еркін буын пайда болады. 
Ол буын бірінші кезекке қазақ мүддесін қоятын болады. Ұлттық байлықтар, жерлер солардың кезінде елге қайтарылады.

Жан-жаққа тартпай, латын әліппесін бір ауыздан қолдайық! 
Латын әрпіне орыстар қарсы болып отыр, себебі біз ол арқылы нағыз тәуелсіздікке жақындаймыз.

Қазақтар! Орыстың емес, қазақтың мүддесін қорғайық! 
Жасасын АЛаш!

Sherkhan Rysbekuly

Фото Еркебұлана Дәулеткелдіұлы.
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3728
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167