Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді
Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады,  туристер шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Егер осы елдердің бірінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында көзделген мерзімнен ұзағырақ қалуға ниет білдірсе, онда олар мемлекет аумағына кіргенге дейін тиісті визаға жүгінуге тиіс.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматтының төлқұжаты;
  • ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • ҚХР азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты.

«Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді», делінген қаулыда.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Айта кетейік, тараптар өзара визасыз режимді 2022 жылдың маусым айында талқылады. Кейін Қазақстан біржақты тәртіпте Қытай азаматтары үшін 14 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге визасыз режим ашты.

“Қытай қаптайды”, “Қытай жаулайды” деген жазбалар Фейсбукте қаптап кетіпті. Ол кеше шыққан “Қазақстан мен Қытай азаматтары 30 күн визасыз жүре алады” деген ақпаратқа байланысты жазылуда.
 
Ал мәселеге басқа қырынан үңіліп қарасақ, ешқандай да Қытай қаптамайды. 2022 жылы біз “Қытай азаматтары 14 күн визасыз жүре алатын” өзгеріс енгізгенбіз. Бір жылға жуық уақыт болды, қаптаған қытай көрмедім. Дәл сол сияқты болады.
 
Қытайдың жалпы біздің азаматтар үшін 30 күн визасыз режимге рұқсат еткені жақсы жаңалық. Қытай елшілігінің алдында виза алуға тізіліп кезек тұратын. Қытайдан келген қандас достарым жетерлік, солардың туыстары, таныстары виза алу үшін айлап құжат жинап жүретін. “Ана жерден анықтама әкел, мына жерден құжат әкел” деп шапқылайтын. Ал енді мынау ол азаматтар үшін жақсы жаңалық қой. Алтайдың арғы бетіндегі қандасқа да тиімді. Оның үстіне Қытайға демалуға, медицинасы жақсы болғандықтан ем алуға баратындар да жеткілікті. Олар үшін де әуре-сарсаң азайды. Ең тиімдісі кәсіпкерлерге деп ойлаймын. Өткен жылы Қазақстан-Қытай сауда қатынасы алғаш рет Ресейді артта қалдырды. Яғни біз үшін Қытай басты экономикалық, сауда қатынастағы серіктеске айналды деген сөз. Қытайға кіріп, кәсіп жасап, табыс көзін іздеп, шапқылап жүрген жандарға уақыт жағынан да, қаржы жағынан да тиімді болды деуге болады.
 
Сондықтан мәселеге осы қырынан да қарау керек деп ойлаймын. Эмоцияны жиып қойып, Қытайға кіру үшін виза алуға табан тоздырған қазақтың көзімен де қарау керек бұл жаңалыққа.
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 ай бұрын 1045
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167