Қазақстан қанша дәрі-дәрмек өндіреді?
Қазақстан қанша дәрі-дәрмек өндіреді?

Қазақстанда 89 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар шығарады. Бұл туралы nege.kz ақпарат көзі Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержановқа сілтеме жасай отырып хабарлады. 

«Елімізде фармацевтикалық өнеркәсібінде 89 кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар өндіреді. Оның ішінде дәрілік заттарды өндіру бойынша 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар 41 және медициналық техника өндірісі бойынша 15 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Дәрілік заттардың негізгі өндірісі Алматы, Шымкент қаласында және Алматы облысында орналасқан. Бұл аймақтарда он кәсіпорын бар. Сондай-ақ Қарағанды облысы мен Ақтөбе облысында бір кәсіпорыннан бар. Бұл кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады. Олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды және олардың асқынуларын емдеуге бағытталған, вирусқа және қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер бар», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Сондай-ақ, Аманияз Ержанов елімізде жасанды тыныс алдыру аппаратының (ИВЛ) өндірісі қолға алынғанын мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау және қаржы министрліктерімен бірігіп, жасанды тыныс алдыру аппаратын өндіруді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, аппарат өндірісін қаржыландыру тетігін жеңілдету және олардың нақты тізімін есептеп, өңірлерге жеткізу қарастырылуда. Алдын ала болжам бойынша жасанды тыныс алдыру аппараттарына қажеттілік - 3 мың бірлік. Оны біздің отандық өндірушілер жылдың соңына дейін өндіре алады.  Өндірістің орташа қуаттылығы - айына 54 бірлік. Аппаратты негізгі өндірірушілер – «БАРК Технолоджи» ЖШС, «Казахстан инжиниринг» ЖШС. Кәсіпорындар осы аппараттарға деген қажеттілікті өтеуі қажет. Егер аппараттарға қосымша қажеттілік туындаса, «Орал медрегион» ЖШС, «Казмедприбор» ЖШС-ға үміт артамыз. Бұл орташа есеппен айына 386 аппарат немесе жыл соңына дейін 1 930 бірлік жабдық пайдалануға беріледі деген сөз», - деді ол.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
18 күн бұрын 367
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167